Путин көгілдірмен душта бірге қалып қойса не істейтінін айтты

07 Маусым 2017, 21:21
0
Путин көгілдірмен душта бірге қалып қойса не істейтінін айтты - Владимир Путин. © PolitRussia.com
Владимир Путин. © PolitRussia.com

РФ президенті Владимир Путин көгілдірмен душта бірге қалып қойса не істейтінін айтты. Бұл туралы ол америкалық режиссер Оливер Стоунның сұрағына берген жауабында айтып қалды. Сұхбаттың үзіндісін Bloomberg келтірді, - деп хабарлайды "Дождь".

Путин көгілдірмен душта бірге қалып қойса оны "азғырмайтынын" және бірге жуынбайтынын айтты. "Онымен бірге душқа түсуден бас тартар едім. Оны азғырудың не қажеті бар? Менің дзюдодан шебер екенімді білесіздер ғой", - деп әзілдеді ол.

"Мемлекет басшысы ретінде менің міндетім - дәстүрлі құндылықтар мен отбасы құндылығын қорғау. Неге? Себебі бір жынысты некелерден балалар пайда болмайды. "Құдай солай шешкен, сондықтан еліміздегі бала тууға назар аударуымыз қажет. Отбасыны нығайтуымыз керек. Алайда бұл сөзім біреу-міреуді қудалауды білдірмейді", - деді Путин.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай