19 мамыр 2018 18:00

Шымкентте 40 немересі бар ерлі-зайыпты екінші рет үйленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© otyrar.kz © otyrar.kz

Шымкентте 40 немересі бар ерлі-зайыпты екінші рет үйленді, деп хабарлады otyrar.kz


Шымкентте 40 немересі бар ерлі-зайыпты екінші рет үйленді, деп хабарлады otyrar.kz

Порталдың мәліметінше, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде "Алтын той", "Күміс той" иелері мен жаңадан отау тіккен жас жұбайларға ресми түрде неке куәлігі тапсырылды. 

"Алтын той" иелері Амангелді және Анар Нәбиевтер 50 жыл бұрын неке қиған. 50 жылдан астам бір шаңырақ астында тұрып, өмір өткелдерінен қол ұстасып өтіп келе жатқан Нәбиевтер неке жүзіктерімен алмасып, тағы жарты ғасыр бір-біріне адал болуға уәде етті. 

"Біз бақытты отбасымыз деп айта аламыз. Өйткені 40 немере, 16 шөбереміз бар, тағы екі шөбереміз жылдың аяғында өмірге келеді. Төрт баламызды оқыттық, барлығы жақсы жұмыста істейді. Екеуміздің сыйластығымызға ел қызығады", - деді Нәбиевтер.

Ширек ғасыр отауласып, тағы бір неке куәліктерін қолдарына алған күміс той иелері - Ғабит Ташенов пен Гүлжан Малдыбекова. Үлгілі әке, өнегелі ана атанып отырған той иелері өмір бақи бақытты, ең бастысы, бірге ғұмыр кешудің құпиясын жақсы біледі.

"25 жыл бұрын ғана осындай күйде болған едік, керемет әсерде тұрмыз. Көзді ашып жұмғанша ширек ғасыр өтіпті. Бақытты ғұмыр кешу үшін, әйелдер, яғни, қыз-келіншектерге сабырлы болу керек. Екінші жартысының көңіл-күйі, үй жұмыстарының басым бөлігі соларға жүктеледі", - деді олар.

Неке қию кезегі жас отау иелеріне келді. Жас жұбайларға аға буын өкілдері "біздің жолымызды берсін", деп ақ батасын берді.

"Жаңа өмірге қадам бастық. Бір-бірімізді сүйіп қосылдық. Әрине, дәл бүгінгідей аға буын өкілдерінен бата алып жолымыз болды. Осы кісілердің жолын бере берсін", - деді Қуандық Зеноллаев пен Жәмиля Ілияс.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жыл басынан бері 2420 неке қию тіркелген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети