26 ақпан 2014 | 09:39

Таразда ауған соғысы жауынгеріне қойылған ескерткішті алып тастамақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет КТК телеарнасынан алынған Сурет КТК телеарнасынан алынған

"Таразда интернационалист-жауынгерлер Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 25 жыл толуына орай қойылған ескерткішті алып тастауды талап етіп отыр" деп хабарлайды Tengrinews.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. Ардагерлерге ескерткіштің материалы мен автордың анатомиялық бейнені сомдағаны ұнамаған. "Одан да мына ескерткішті алып тастап, басқасын жасасын. Ескерткішке гүл шоғын қоюға келгенде халық күлмейтін болсын. Бұл үшін ескерткіш авторын сотқа береміз", - дейді интернационалист-жауынгер Керім Ізбасаров. Сондай-ақ, автордың әріптестері де ескерткішті сынға алған. "Міне, пропорция жоқ, тізесі тең емес, ол өте қысқа. Егер жанынан қарайтын болсаңыз бір қолының салбырап тұрғанын байқайсыз, ал мына қолы қысқа, иілгені мүлде көрінбейді. Қарапайым орыс сөзімен айтқанда "халтура", - дейді Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Геннадий Тен. Ал ескерткіш авторы Темірхан Қолжігіт ардагерлердің сынын түсіне алмай әлек. "Жобасын өзім жасадым. Эскизін ардагерлерге көрсеттім, бәрі келісті. Енді олардың аяқ асты бүлік шығаруын түсінбеймін. Олар баға беретін маман емес қой", - дейді Қолжігіт. Оған қоса, ол ескерткішті өз ақшасына тұрғызғанын айтады. Сол үшін ол бір миллион теңге жұмсаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети