29 қаңтар 2021 14:35

Терминатордың орнына Вакцинатор: әйгілі фильмнің өзгертілген нұсқасы тарап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

"Терминатор-2" фильміндегі танымал эпизод қазақстандық өзгертілген нұсқасы әлеуметтік желілерде таралып жатыр. Видео авторлары Арнольд Шварценеггерді коронавирус пен бетпердесіз жүргендерге қарсы "күрестірген", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Терминатор-2" фильміндегі танымал эпизод қазақстандық өзгертілген нұсқасы әлеуметтік желілерде таралып жатыр. Видео авторлары Арнольд Шварценеггерді коронавирус пен бетпердесіз жүргендерге қарсы "күрестірген", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйгілі фильмнен алынған эпизодты "Вакцинатор" деп атаған. Онда Қазақстан роліндегі басты кейіпкер - Сара Конор, Терминатор - коронавирусқа қарсы вакцина, ал Сараның ұлы, жасөспірім Джон Коннор - вакцина жасаушы. Олар "Қазақстанды" оның өмірін қорғау және құтқару үшін келгеніне сендіруге тырысады.

Фильм сюжеті бойынша Сараны құтқару кезінде Терминаторға психиатриялық аурухананың күзетшісі қарсы тұрады. Видеода олар қастандық жасаушы, бетпердесіз жүргендер ретінде ұсынылған.

Видеоның соңында зұлым Терминатор (коронавирус) пайда болады. "Вирус" адыраспан, сарымсақ, антибиотиктер және қой майынан қойылған кедергілерден оңай өтіп кетеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zikibitz (@zikibitz)

Айта кетейік, Голливуд актері және АҚШ-тың Калифорния штатының бұрынғы губернаторы Арнольд Шварценеггер коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Актер оқырмандарын "Терминатор-2" фильміндегі сөйлеу үлгісімен вакцинацияға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети