1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Ток-шоу қонағы болған келіншек желідегі қудалау үшін 50 миллион теңге өндіріп алғысы келеді 19 қаңтар 2021, 09:11

"31 арна" ток-шоуының арты жанжалға ұласқан шығарылымындағы кейіпкер сотқа жүгінді. Балалық шағында үш ер адамнан зорланғанын мәлімдеген алматылық
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

"31" арна эфирінен кадр "31" арна эфирінен кадр

"31 арна" ток-шоуының арты жанжалға ұласқан шығарылымындағы кейіпкер сотқа жүгінді. Балалық шағында үш ер адамнан зорланғанын мәлімдеген алматылық Қызғылдақ Талғатқызы әлеуметтік желілерде қудалауға ұшырағанын айтады. Енді ол құқықбұзушылардан 50 миллион теңге өндіріп алмақшы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Қызғалдақ Талғатқызы екі рет зорлық көргенін айтады. Алғаш рет ересек адамдар қыз 14 жаста болғанда аяусыз зорлаған. Ол кейін жүкті болып, бала тапқан, генетикалық сараптамадан әкесі зорлаушылардың бірі екені растады, бірақ күдіктілердің ешқайсы жазаға тартылмаған. Былтыр Қызғалдақ Талғатқызы танымал ток-шоу эфирінде өз тағдыры туралы айтып берді, бірақ қолдау сөздерінің орнына тіл тигізгендер көп.

Қыз сол шоудың қатысушыларының бірін қорлауды ұйымдастырушы деп атады. Алматылық оның үстінен сотқа арызданған. Оның айтуынша, ер адам желідегі пікірлеріміен шектелмей, оған қоса өзінің құрбанының жеке нөмірін тауып, қоңырау шалып, қорлап хабарламалар жазуын жалғастырған.

"Ол депрессияға ұшырады, бірнеше рет жедел жәрдем шақырды, қысымы көтерілді, ең бастысы, ол баласының болашағы үшін қорқады. Яғни, қазір оның 4 жасар ұлы бар, ол ұлымен бірге көшеде еркін жүруден қорқады, өйткені біреулер келіп, оған саусақ шошайтады", - дейді адвокат Альбина Бахтиярқызы.

Қылмыстық кодекстің бабы бойынша, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып қорлағаны үшін кінәліге ең жеңілі айыппұл, ал ең көп дегенде - қоғамдық жұмыстарға жегілуі мүмкін. Құқыққорғаушылар соттар мұндай істерді қабылдағысы келмейді дейді, сондықтан көбіне кінәлілер жазасыз қалып жатады.

"Судьялар көбінесе мәжбүрлі түрде болса да, олар осындай келісімге келуді ұсынады. Бірақ мұны өз құқықтарын қорғайтын адамға қысым ретінде қарастыруға болмайды. Татуласу келісімін жасасуға келіспейтін адам көбінесе оның өтініші бойынша ақтау үкімін шығарады. Сондықтан біз Жоғарғы соттан осыған назар аударуды сұраймыз", - дейді "Ар-Бедел" ҚҚ өкілі Вячеслав Сергеев.

Құқыққорғаушылар желідегі қорлау үшін жазаны күшейту керек деп санайды. Мысалы, шетелде өрескел пікір үшін айыппұлдар бірнеше ондаған мың еуроға жетуі мүмкін. Қазақстанда істі сотқа жеткізудің өзі жетістік саналады. Бұл ретте хейтер төлей алатын ең көп сома - жарты миллион теңге айыппұл, деп нақтылады журналистер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Firebase Cloud Messaging