30 қыркүйек 2016 17:56

Интернет қолданушысы iPhone 7-нің жарылғанын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа iPhone 7 иесіне жетпей жатып жолда жарылып кеткен, - деп жазады The Independent басылымына сілтеме жасап. Бұл туралы kroopthesnoop лақап атын алған Интернет қолданушысы жазып отыр. Ол қатты зақымданған смартфонның суретін жариялаған. 

Apple компаниясының өнімі фабрикадан келер жолда зақымданған болуы мүмкін. iPhone мен өзге құрылғыларда пайдаланылатын батарейлер қауіпсіз деп есептеледі. Дегенмен зақымданған кезде ол телефонмен бірге жарылып, қауіпті болуы мүмкін. Осыған байланысты Ғаламтор пайдаланушылары Samsung Galaxy Note 7 смартфонының теріс атын шығарған қиындықтар кең таралған жәйт деген пікір айтты. 

Дегенмен iPhone-ның қиындықтары бәсекелес фирмалардың деңгейіне жетпеген деген пайымдар бар. Samsung Galaxy Note 7 смартфондарының жарылуы оның топтамасын жалпылай кері қайтаруға себеп болып, компания үшін үлкен қиындық әкелген.

Ал белгілі техноблогер Валентин Петухов iPhone-ның жарылу фактісіне күмән келтірді. "Егер сіздерге "iPhone 7-нің жарлылуы" деген сөздермен осы суретті көрсеткен болса - бетіне қарап тұрып күліңіз, өйткені бұл не болса да iPhone емес", - деп жазыпты ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети