27 шілде 2018 09:13

Қалыңдық тойға бұрынғы сүйіктісін шақырған күйеуін пышақтап өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© cosmo.ru © cosmo.ru

Колорадо штатының 31 жастағы тұрғыны Жаклин Соуза болашақ күйеуінің тойға бұрынғы сүйіктісін шақыруға ниеті бар екенін білген сәтте оны пышақтап тастаған, - деп хабарлайды Cosmopolitan журналы.


Колорадо штатының 31 жастағы тұрғыны Жаклин Соуза болашақ күйеуінің тойға бұрынғы сүйіктісін шақыруға ниеті бар екенін білген сәтте оны пышақтап тастаған, - деп хабарлайды Cosmopolitan журналы.

21 шілдеде қыз 911 қызметіне қоңырау шалып, пышақ жарақатын алған ер адамға шұғыл көмек керек екенін хабарлаған. Алайда ол телефон арқылы оқиғаның мән-жайын нақтыламаған. Оқиға орнына барған дәрігерлер мен полицейлер 33 жастағы Брэндон Уоткинстің ессіз жатқанын анықтаған. Ал оның маңында стейк қуыруға арналған пышақ жатқан. 

Бастапқыда Уоткинстің қалыңдығы ваннада шомылып жатып, ештеңе естімегенін, сосын ғана жігітінің еденде жатқанын байқағанын айтқан. Бірақ полиция үй есігін ешкімнің де бұзып кірмегенін айтқан. Осы кезде Соуза таяуда болған жанжалдан кейін болашақ күйеуі өзіне қол салған деген нұсқаны айтты: сөйтсе, жұп тойға шақыратын адамдар тізімін жасап жатып, ұрысып қалған көрінеді. Жаклиннің тағы бір нұсқасы бар - екеуі жанжалдасып қалып, күйеуі өзінен-өзі құлап, пышақ үстіне түскен. Ал одан кейін Жаклин күйеуінің көп қыздармен қыдыратынын айтқан. 

Полицейлердің жауап алу кезінде ғана тағдыр жазбаған қалыңдық жігітін қызғаныштан өлтіргенін мойындаған. Ол Уоткинсті өлтіргісі келмепті, жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы көмек те көрсеттім деп отыр. Әйел 24 шілдеде 50 мың доллар кепілақы беріп, бостандыққа шығарылды, іс бойынша бірінші сот отырысы 1 тамызда өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети