Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстанда әлемдегі ең үлкен лағман әзірленгелі жатыр

28 Сәуір 2015, 16:00
0
© sb.by
© sb.by

Қазақстанда әлемдегі ең үлкен лағман әзірленгелі жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ең үлкен лағман Guinness World Records жүйесі бойынша 2015 жылдың 1 мамырында әлем бойынша рекордты жаңарту мақсатында даярланады. Ұйымдастырушылар: Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен "Қазақ географиялық қоғамы", Мемлекеттік Ұйғыр театры, сондай-ақ Қазақстандағы Ұйғыр диаспорасы және қауымдастықтың танымал бас аспазшылары. Мерекелік шара Guinness World Records сарапшыларының бақылауында болады.

"Акцияның жалпы мақсаты - Қазақ елін дүние жүзіне дәріптеу сондай-ақ, ҚР азаматтары мен ел қонақтарын мәдениетіміз бен салт-дәстүрлерімізді жіті таныстыру болып табылады. Ал ең бастысы осы іс-шарада Гиннес кітабында тағы бір рекорд тіркеледі", - делінген ұйымдастырушылардың хабарламасында.

Акция барысында ашық аспан аясында Ұйғыр ұлтының дәстүрлі рецепті бойынша, 30 аспазшының көмегімен 500 келі лағман (1500 порция) дайындалады. Мерекелік шара Алматыдағы Наурызбай батыр мен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында (Мемлекеттік Ұйғыр тетрының алаңында) өтеді. Айта кетейік, акция қазақ халқының бірлігі мен Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына байланысты ұйымдастырылған. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай