26 қыркүйек 2016 10:15

Құрылысшылар үңгірдің астынан 400 келі тартатын алып жыланды тауып алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube.com © Youtube.com

Бразилияның солтүстігінде орналасқан құрылыс алаңында жұмысшылар ұзындығы 10 метр, диаметрі 1 метр және салмағы 400 келі алып анаконданы тапты, - деп жазады Daily Mail.


Бразилияның солтүстігінде орналасқан құрылыс алаңында жұмысшылар ұзындығы 10 метр, диаметрі 1 метр және салмағы 400 келі алып анаконданы тапты, - деп жазады Daily Mail.

Бауырымен жорғалаушы жануар Пара штатындағы үңгірлердің бірінен табылған. Құрылысшылар үңгірдегі бөгет соғылған жерде басқарылатын жарылғыш затты атқан кезде ғана осы жыланды көрген. Содан олар шынжыр мен көтергіш кранның көмегімен анаконданы іліп қойып, оны суретке түсірген.

Айта кетейік, Желіде көптеген қолданушы жұмысшыларды анаконданың сирек түрін өлтірді деген болжамдарды айтып жатыр. Алайда бұл мәлімет әлі расталған жоқ.

Анакондалар - қазіргі уақытта ең үлкен жыландардың бірі. Бірақ ғалымдар осыған дейін ұзындығы тоғыз метрден асатын анаконданы көрмеген де екен.

Айта кетейік, Гиннесстің рекордтар кітабына сәйкес ең алып жыланның ұзындығы - 7,6 метр.


© Youtube.com

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети