Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Қытайда қазақстандық қыз есірткі тасымалдады деген күдікпен ұсталды

03 Сәуір 2014, 09:48
0
Сурет Tengrinews.kz мұрағатынан алынған
Сурет Tengrinews.kz мұрағатынан алынған

"Қытай елінің құқық қорғау органы 20 жасар қазақстандық қызды "есірткі тасымалдады" деген күдікпен ұстады. Ақжарқын Тұрлыбай бірнеше аптадан бері Гуанчжоу қаласының тергеу изоляторында отыр" деп хабарлайды Теngrinews.kz «Жетінші арна» телеарнасына сілтеме жасап.

Қазақстандық қыздың туыстарының айтуынша, олар Ақжарқынмен соңғы рет 9 наурыз күні сөйлескен. Сонан соң байланыс күрт үзілген. Ақжарқынның қамауға алынғаны туыстарына жақында ғана мәлім болған. Оның ата-анасы қызының алаяқтардың құрбаны болғанына сенімді және ҚР СІМ-нен көмек сұрайды.

"Қазақстанның Қытайдағы елшілігіне есірткі тасымалдады деген күдікпен құрықталған қазақстандық қыз төңірегіндегі мәселе бойынша, мән-жайды анықтау туралы арнайы сауал жолданды. Қазақстан азаматшасына барлық консульдық-құқықтық және адвокат таңдауда көмек көрсетілетін болады" деп мәлімдеді ҚР СІМ баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов.

Анасының сөзінше, қызының шет елге алғаш шығуы екен. Оны сәндік киімдер тасымалдаушы болуға құрбысы көндірген. Сол мақсатта құрбысы оны Алена деген қызбен және Алматы қаласының түнгі клубтарының бірінде бармен болып істейтін нигериялық Джоннимен таныстырған көрінеді. Алайда, мәлім болғаны, қазіргі уақытта нигериялық азамат ол жерде жұмыс істемейтін болып шықты.

Күдіккпен ұсталған қыз тәлім алып жүрген университеттегілердің пайымдауынша, ол алаяқтардың құрбаны болып отыр. "Біздің пайымдауымызша, бұл ақылға сыймайтын жағдай. Университет тарапынан ҚР СІМ мен БҰҰ-ның адам құқығы бюросына, Бас прокуратураға хат жіберілді"-дейді Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті ректорының аппарат жетекшісі Санат Айнакулов.

Қазақстандық қыздың Қытай түрмесінде әлі қанша уақыт отыратыны белгісіз. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның туыстары жуық арада Қытай еліне ұшуға дайындалуда.
 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай