11 қараша 2017 16:24

Түсімде аян берді: ата-анасы үшінші ұлының атын Бәйдібэкспо деп қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Аты өзгеше - Бәйдібэкспо атты баланың әкесі Tengrinews.kz тілшісіне неге мұндай есімді таңдағанын айтып берді. 


Аты өзгеше - Бәйдібэкспо атты баланың әкесі Tengrinews.kz тілшісіне неге мұндай есімді таңдағанын айтып берді. 

Биыл 16 қыркүйекте 37 жастағы Мейрамбек Рсымов пен Лаура Тоқсанбайдың отбасында үшінші ұл дүние есігін ашты. 

 "Біз Бәйдібектен тараймыз. Бәйдібек ұлы жүздің түпатасы. Біздің ауданға 1996 жылы Елбасының жарлығымен Бәйдібек аты берілді. Ұлыма Бәйдібек деп ат қойғым келетін. Ал биыл еліміз үшін жаңалық болған халықаралық көрме өтті. Рухани жаңғыру деп жатырмыз, сондықтан Бәйдәбекке ЭКСПО сөзін жалғап, Бәйдібэкспо болды. Жаңалық жасағымыз келді", - дейді баланың әкесі.

Баланың атын осылай қою әкесінің ойы болған, ол әйелімен ақылдасып, осындай шешімге келген. сонымен қатар, балаға мұндай ат қоюға тағы бір жәйт әсер еткен. 

"Димаш Қытайдағы конкурсқа қатысып жатқан еді ғой, сол кезде түс көрдім. Димаш бірінші орын алыпты. Ол кезде ЭКСПО басталмаған болатын. Түсімде көрме аяқталыпты. Елбасы Димашты құттықтап, көрмені абыроймен атқарғанымыз үшін халыққа алғысын білдіріп жатыр екен. Сол көрмеде Әміре Қашаубаевтың әнінен кейін Димаштың әні орындалып жатыр. Мен де сол жерде жүр екенмін. Осылай президентіміздің қасында жүргеніме қуандым. Сосын осының бәрі болды емес пе, осылай аян берді", - дейді Мейрамбек Рсымов. 

Отбасында тағы екі ұл бар, үлкені Алтынбек 16 жаста, өнер колледжінде студент. Ринат 14 жаста мектепте оқушы. Алтынбек деп әжесі ерте уақытта ел бастаған адамның есімін берген екен, ал екінші ұлдары Ринат Заитов сияқты ақын болсын деген екен. 

"Үлкен ұл - баянист, өнерге жақын. Екінші ұл актер болғысы келеді, спортқа да жақын. Ал Бәйдiбэкспо ақылды адам болса деймін, саясаткер. Солай тәрбиелеуге тырысам, иманды етіп", - дейді үш баланың әкесі.

16 қарашада Бәйдібэкспоға екі ай толады. Әкесінің айтуынша, үйдегілер оны Бәйдікен, ал кейде экспо деп те еркелетеді екен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети