12 сәуір 2017 12:49

Юрий Гагариннің қазақстандық ғарышкерге жолдаған хаты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасы  Орталық мемлекеттік архиві жолдаған хаттың суреттері. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві жолдаған хаттың суреттері.

Қазақстанда бүкіл әлемдегідей 12 сәуір Ғарышкерлер күні болып саналады.


Қазақстанда бүкіл әлемдегідей 12 сәуір Ғарышкерлер күні болып саналады.

Осы күні 1961 жылдың 12 сәуірінде есімізде қалатын оқиға болды. Бұл күні адамзат тарихта алғаш рет ғарышқа аттанды. Ұшқыш Юрий Гагарин "Байконұр" ғарыш айлағынан "Восток-1" атты кораблімен алғаш рет ұшқан болатын. 

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінде Кеңес Одағының батыры Юрий Гагариннің қолтаңбасы сақтаулы тұр.

Бұл құнды қағаз ұшқыш, ғарышкерлердің бірінші жасағының мүшесі Рафиков Марс Закировичтің қорында сақталған.

Бұл Гагариннің Марс Рафиковқа жазған хаты. Хат 1962 жылдың 28 қарашасында жазылған. Онда Гагарин өзінің отбасы жайлы, сондай-ақ, Рафиковтың ғарышкерлер жасағына қайтып келуі жайлы айтады.


Суретті Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві жолдады. Қайта басуға немесе көшіруге тыйым салынады.

" Львов облысы
Городок қаласы
Рафиков Марс Закировичке талап етіледі


Мәскеу облысы.
Чкаловская ауылы, Циолковский ауылы
4-үй, 57-пәтер

Сәлеметсің бе, Марс!

Сенің хатыңды алдым, оны маған Люда беріп жіберді.

Біздің де жағдайымыз жаман емес. Балалар барлығын дұрыс тапсырып жатыр. Екінші семестрді тапсырып жатыр, ал ұшып келгендер бірінші семестрді тапсырып жатыр. Сосын екі топпен бірге оқимыз. Сабақтан тыс жұмыс өте көп. Үздіксіз еңбек етіп жатырмыз, бірақ сонда да уақыт жетпей жатыр.

Сені осында қайтып келу туралы мәселенің мазалап жүргені сезіліп тұр.

Бұл жерде, әрине, барлығы саған байланысты. Себебі сенің мінездемеңді сол жақтағылардан талап етеді.

Людамен қарым-қатынасың қалай? Бұл мәселені де қайтып келгенше нақты шешу керек қой.

Жалпы бұл жерде не істеу керектігін өзін білесің, бұл туралы көп айтылған еді.

Отбасымда барлығы жақсы. Валя жұмыс істеп жатыр, балалар да өсіп жатыр. Сенің жағдайың қалай?

Сау бол! Сәлеммен, Юрий.

28.11.62 жыл."

Марс Закирович Рафиков жайлы бірнеше сөз. Марс Рафиковтың жеке қорындағы құжаттар сақтаулы тұру үшін 1991 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивіне келді.

Рафиковты ғарышкерлердің 1-жасағы тестілеуден кейін ғана қабылдаған болатын. Үміткерлердің ішінен 20 үздік әскери ұшқыш таңдалды. Олардың ішінде Юрий Алексеевич Гагарин, Герман Степанович Титов, Алексей Архипович Леонов және тағы басқалары бар.

Марс Закирович Сергей Павлович Королепен және басқа да Кеңес кезінде ғарышкерлермен араласқан.

Ғарыш жасағынан кейін Рафиков Қарулы күштердегі қызметін жалғастырды.  Ол онда түрлендірілген әскери ұшақтарда ұшты, оларды меңгерді және жас ұшқыштарды дайындады. Жасақ офицері мамандығы бойынша академиялық курстарды аяқтаған. 1979 жылдың соңында Ауғанстанға жіберілетін КССР Қарушы күштерінің шектеулі құрамының қатарына біріншілердің бірі болып түсті. Қатты жарақат алды. Халықаралық борышты орындағаны үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды. Рафиков 1982 жылдан бастап Алма-Ата қаласында тұрып, сонда жұмыс істеді.

 

Жүнісова Е.Н,
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің қызметкері

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві өз бастамасын Орынбор губерниялық мұрағатының негізінде, Қазақ Халық Ағарту Халық Комиссариатының жанынан құрылып, қызметін 1921 жылдың қыркүйек айынан бастаған Орталық Өлкелік архивінің тарихынан алатын Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві бүгінгі күнде 95-жылдығын атап өткен еліміздің ең байырғы архиві болып табылады. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінде жиырма архив қоймалары бар, онда 1315263 сақтау бірлігін құрайтын 2253 архив қорлары мемлекеттік сақтауда. Есепке алынған құжаттардың жалпы саны ішінде: 208454 сан бірлігі - кеңестік дәуіріне дейінгі құжаттар, 946789 сан бірлігі - кеңестік дәуір құжаттары, 103475 сан бірлігі - жеке тектік құжаттар. Орталық мұрағатта сақтаулы бұл баға жетпес тарихи құндылықтар мұрағатшылар мен зерттеушілердің еңбектерінде пайдаланылып, тұрақты түрде ғылыми айналымға енгізіліп тұрады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Орталық мұрағатта жүз мыңға жуық сан бірлігінен тұратын 300 жеке тектік мұрағат қорлары мен құжаттар коллекциялары сақтаулы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети