10 қыркүйек 2015 15:14

Бейонсе қазақстандық брендтің белдемшесін киіп шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейонсе. © Facebook Бейонсе. © Facebook

Белгілі орындаушы Бейонсе (Beyonce) Нью-Йоркте қазақстандық Teezar брендінің белдемшесін киіп шықты, ол дизайнер Ділнәр Хамраеваның туындысы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Белгілі орындаушы Бейонсе (Beyonce) Нью-Йоркте қазақстандық Teezar брендінің белдемшесін киіп шықты, ол дизайнер Ділнәр Хамраеваның туындысы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ділнәр Хамраеваның айтуынша, 2014 жылдың соңында олардың поштасына хат келген, хатта әншінің стилисі бірнеше киімді жолдауды өтінген, алайда кімге екенін айтпаған. Команда лукбукты түсіріп болғаннан кейін ғана киімнің Бейонсеге екені анықталды. Кейін әншінің өкілдері қазақстандық тарапқа өлшемдерді жіберіп, сол бойынша қарындаш-белдемше тігілді. Айта кетейік, дизайнер белдемше үшін ақша алған жоқ, ол оны әншіге сыйға тартты.

Айта кетейік, дизайнер Ділнәр Хамраева топтамаларының бірі Алматыда MBFW-2015-те көрсетілді. Бренд қазақстандық жұлдыздардың арасында да үлкен сұранысқа ие. Нарыққа осыдан екі жыл бұрын келген Teezar брендінің клиенттері - актриса Қарлығаш Мұхамеджанова мен Әсел Сәдуақасова.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети