03 желтоқсан 2021 11:34

Биыл "Әлем ханымы" байқауына Қазақстан атынан кім шығады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналық 27 жастағы Әйгерім Әбдібекова тұрмыс құрған арулар арасындағы "Әлем ханымы - 2021" байқауына Қазақстан атынан қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астаналық 27 жастағы Әйгерім Әбдібекова тұрмыс құрған арулар арасындағы "Әлем ханымы - 2021" байқауына Қазақстан атынан қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байқау 2022 жылдың 17-26 ақпаны аралығында Сеулде (Оңтүстік Корея) өтеді. Айта кетейік, осыдан бір жыл бұрын әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Абдукаримова "Әлем ханымы - 2020" атағын жеңіп алған болатын. Енді ол тәжді жаңа жеңімпазға тапсырады.

Әйгерім Әбдібекова байқау туралы естіп, биыл онлайн кастингке қатысуды ұйғарған және республика атынан қатысуға мүмкіндік алғанына қуанатынын жеткізді.

"Мен елімізді әлемдік аренада таныстыратыныма қуаныштымын, өйткені бұл мүлдем басқа деңгей, онда тек сыртқы бейнеге емес, сонымен қатар ішкі дүниеге де қарайды. Қатысушылар отбасы мен мансапты қаншалықты тамаша үйлестіре білгенін көрсетеді. Әр елдегі әйелдер құқығы тақырыбы да қозғалады. Үміткер пайдалы қоғамдық істермен айналысып, басқаларға көмектесіп, жақсы үлгі көрсетіп жатса, құптарлық жайт", - деп бөлісті Әйгерім.

Әйгерім 2013 жылы "Астана аруы" атанған, "Қазақстан аруы" байқауына қатысып, үздік жетілікке енген. Сондай-ақ, ол халықаралық байқауларда "Азия аруы – 2015" және Top Model Globe 2015 атағын жеңіп алған.

Әйгерім байқауға дайындықты бастап кетті. Байқауда көрсететін өнерін, сонымен қатар өз елін таныстыруға дайындалып жатыр. Ол жаңа мамандықты игеруге бел буып, digital-маркетолог мамандығын да оқып жүр.

"Бұл өте өзекті мамандық, өйткені пандемияға байланысты компаниялардың көпшілігі онлайн платформаларда жұмыс істейді. Контент жасау, тауарларды немесе қызметтерді жылжыту - мұның бәрі біздің өмірімізге жылдам еніп кетті. Болашақта мен кәсіби маман ретінде өсемін деп үміттенемін және өз саламда қоғамға пайдалы боламын деген ойдамын", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети