12 қыркүйек 2017 09:37

"Мен осыған лайықпын": 17 жастағы студент "Алматы аруы-2017" атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сабина Әзімбаева. © "ВКонтакте" Сабина Әзімбаева. © "ВКонтакте"

"Тұран" колледжінің 17 жастағы студенті Сабина Әзімбаева сұлулық байқауында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Тұран" колледжінің 17 жастағы студенті Сабина Әзімбаева сұлулық байқауында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

17 жастағы ару енді "Әлем аруы-2018" байқауының финалына барып, Қазақстан атынан өнер көрсетеді,

Сабина "Тұран" колледжінже аудармашы және гид мамандығы бойынша оқиды екен. Сондай-ақ, ол би билегенді ұнатады, спортпен айналысады. Қыздың айтуынша, ол бұл байқауға өзін осыған лайықтымын деп санағандықтан қатысқан.


© Tengrinews.kz

Байқау басталған кезде, яғни мамыр айында барлығы 400 қыз болған. Бірақ финалға тек он қыз өткен екен.


© Tengrinews.kz

Алина Мелкина мен Дарья Галочкина вице-ару атанды. Оларға сый ретінде 4 жыл Грекияда ағылшын тілін оқып келуге мүмкіндік берілді.


© Tengrinews.kz

"Luxor аруы" номинациясын Малика Бегельдинова мен Алина Мелкина алса, Джулия Кожаханова "Суперстар аруы" атанды. "Алаш Аруы" номинациясын Дайана Жамбыл, "Модель ару" мен "Ерекше ару" номинацияларын Аида Малыбаева жеңіп алды. Ал "Кербез ару" аталымы Камила Әділханға берілді.

© Tengrinews.kz

Айта кетейік, 2015 жылдан бастап "Алматы аруы" жеңімпазы Қазақстан атынан "Әлем аруы" сұлулық байқауында өнер көрсете алады. 2016 жылы "Әлем аруы" байқауына Регина Вальтер қатысқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети