25 қыркүйек 2018 17:10

Семейде "Шығыс Қазақстан аруы" анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

18 жастағы семейлік қыз халықаралық Fashion House International сән байқауында "Шығыс Қазақстан аруы" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


18 жастағы семейлік қыз халықаралық Fashion House International сән байқауында "Шығыс Қазақстан аруы" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Байқауға Шығыс Қазақстан облысынан 16 қыз қатысты. 

Қазылар алқасының шешімімен "Шығыс Қазақстан аруы" титулын семейлік Надежда Недосекова иеленді. Қыздың жасы 18-де. Ол медициналық колледжде оқиды. Ару бірінші рет сән байқауына қатысып отыр екен. 


© Instagram / Надежда Недосекова

Байқау ұйымдастырушылары - Fashion House International компаниясының өңірлік директоры Айна Тоғысованың айтуынша, бұл финалға іріктеу кезеңі. Финал көктемде Өскемен қаласында "Номад" халықаралық кинофестивалі аясында өтеді екен. Оның продюсері Эркен Ялгашев.

"Бұл модельдер жарысы емес, сән байқауы болғандықтан, мұнда "90-60-90" стандартына жақын параметрлердегі қыздар іріктелді. Ең бастысы қатысушы өзін көрсете алуы тиіс. (...) Бұл кезең финалға іріктеу болып табылады. Fashion House International сән байқауы қазақстандық қыздарға шетелде өнер көрсетуіне мүмкіндік береді", - дейді байқауды ұйымдастырушы. 

Қазылар алқасын голливудтық актер әрі кикбокстан 11 дүркін әлем чемпионы Дон "Дракон" Уилсон басқарды. 

Киноактер Қазақстанды шын жүректен жақсы көретінін және жергілікті актерлердең қатысуымен фильм түсіруді жоспарлап жүргенін мәлімдеді. 


© Tengrinews.kz

"Мен кикбокстан 30 чемпионатта жеңімпаз атандым. Үш салмақ дәрежесінде 11 дүркін әлем чемпионы атандым. "Дракон" лақапаты 1974 жылы пайда болды. Бұл спортқа жаңадан келген жылым еді. Оған дейін мен кунг фумен (Ақ айдаһар стилінде) айналыстым. Кикбокспен айналыса бастағанымда лақапат таңдауым керек болды. Ойыма бірінші келгені - айдаһар болды. Осыдан кейін мені жұрт Дон "Дракон" Уилсон деп атап кетті. Дон - менің Дональдтан қысқартылған есімім. Кино саласына досым Чак Норристің арқасында келдім, ол маған киноға түсуге кеңес берді. Ары қарай спорттық мансабымнан кино саласына көштім. 30-дан аса киноға түстім. Басты рөлдерде ойнадым. Қазіргі уақытта продюсерлікпен айналысып жүрмін", - дейді киноактер. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети