25 тамыз 2021 16:10

Серік Ақышевтің қызы еуропалық журналдың мұқабасына шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал қазақстандық тележүргізуші Серік Ақышевтің қызы Марика еуропалық VOUS журналының мұқабасына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Танымал қазақстандық тележүргізуші Серік Ақышевтің қызы Марика еуропалық VOUS журналының мұқабасына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

13 жастағы Марика Ақышева жақында Cassis Model Managment агенттігімен жұмыс істей бастаған. Бұл агенттік келбеті ерекше модельдерді іздеп, солармен жұмыс жасайды. Ал журнал өкілдері осы агенттік арқылы Ақышевтер отбасына хабарласып, қызының суретін журнал мұқабасына шығаруға рұқсат алған.

Сонымен қатар, Оңтүстік Кореядағы әлемдегі ең ірі агенттіктердің бірі Platinum Model агенттігі Марика Ақышеваны үш айға Сеулге шақырған, ол онда фотосессияларға, воркшоптарға қатысып, жаңа тәжірибе жинайды.

Ақышевтар отбасы қызының модель болуына қарсы емес. Қыз осыған дейін Қазастандағы танымал зергерлік компаниясын таныстырып, Harper's Bazaar жарнамалық түсірілімдеріне қатысқан және Prada, Louis Vuitton брендтерінің коллаборацияларына қатысқан.

"Сән индустриясына бизнес ретінде қараған кезде, мүлдем басқа деңгейде көзқарас қалыптасады. Әрине, кіммен жұмыс істеп жатқанын, кіммен жұмыс істеуге болмайтынын нақтылап қарағанда ғана жұмыс жүретінін білеміз. Жұмыстың басым бөлігімен келіншегім Ольга айналысады", - деді Серік Ақышев.

Марика алғаш рет 2018 жылы байқауға қатысып, mini Photomodel вице-аруы атағын жеңіп алған.

"Осыдан кейін біз қызымыздың бойында осы салаға деген ынтасы барын түсіндік. Айналамыздағы адамдар да оның келбеті ерекше екенін, актриса МакКензи Фойға ұқсайтынын жазды. Ол мектепте оқуын жалғастырып жатыр, сурет салумен, бимен айналысады", - деді Ақышев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Серик Акишев TV (@serik_akishev)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети