Тайванда әйелдері қартаймайтын отбасы табылды

29 Маусым 2017, 09:54
0
Тайванда әйелдері қартаймайтын отбасы табылды -

Тайванда әйелдері қартаймайтын отбасы табылды. Апалы-сіңлілі үш әйел де, олардың егде жастағы шешесі де жас көрінеді, - деп жазады Daily Mail.

Желіде бірінші болып 41 жастағы интерьер дизайнері Лужэ Су танылды, ол ары кетсе 16-17 жастағы қыз сияқты. Кейін оның екі сіңлісі бар екені анықталды, 40 жастағы Фэйфэй мен 36 жастағы Шэрон да екі есе жас көрінеді. Ал олардың 63 жастағы шешесі 30 жастағы келіншек секілді.

Осы қасиеттері арқылы әйелдер Интернет жұлдызына айналды. Олар дың Facebook және Instagram желілеріндегі парақшаларына жүздеген адам жазылған. Тайван БАҚ-тары бұл әйелдерді "уақытты тоқтатқан отбасы" деп атап кеткен. Апалы-сіңлілер жастығының құпиясы деп суды көп ішу, көкөніс жеу, тәтті сусыннан арылу және күннен қорғануды атап отыр.


41 жастағы Фэйфэй мен 36 жастағы Шэрон және олардың 63 жастағы шешесі (ортада). © Weibo 


© Weibo/Facebook


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай