бойынша жаңалық Германия

Цюрих, Швейцария. Фото: pixabay.com Туристер үшін Еуропадағы ең қымбат қалалардың рейтингі жарияланды Еуропада тұру үшін ең қымбат қала Цюрих болды. Британиялық Сheaprooms брондау порталының жақында жүргізген зерттеуі Еуропаның ең қымбат қалаларын
12 қыркүйек 2021
Фото ©REUTERS Ангела Меркель "Талибан" туралы мәлімдеме жасады Германия канцлері Ангела Меркель Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысымен (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес, Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) келіссөз
06 қыркүйек 2021
Фото © Reuters Ауғанстаннан эвакуацияланған 200-ге жуық адам күдіке ілінді Германияның "Рамштайн" базасына эвакуацияланған 30 мың ауғанның 200-ге жуығы қауіп төндіру ықтималдығына байланысты қосымша тексеруден өтеді.
05 қыркүйек 2021
Фото ©Shutterstock Сарапшылар әлемдік туризм қашан қалпына келетінін айтты Сарапшылар 2021 жылы саяхат пен туризмнен түскен табысты болжап, әлемдік туризмді 2019 жылдың деңгейіне дейін қалпына келтіру туралы болжам
22 тамыз 2021
Фото: ©REUTERS Ангела Меркельдің зейнетақы мөлшері аталды Германия Федералды канцлері Ангела Меркель қызметінен кеткеннен кейін ай сайын шамамен 15 мың еуро зейнетақы алады. Мұндай деректі ГФР Салық
15 тамыз 2021
Фото: elements.envato.com Германияда мыңдаған адамға вакцина орнына тұзды ерітінді салған медбике ұсталды Медбике наурыздан сәуірге дейін жергілікті тұрғындарға COVID-19-ға қарсы вакцинаның орнына тұзды ерітінді салған деген күдікке ілінді. Бұл туралы
12 тамыз 2021
Фото: president.gov.by "Беларусь халқы Лукашенконың тұтқынында" - Германия СІМ басшысы Германияның сыртқы істер министрі Хайко Мас Беларусь президенті Александр Лукашенко бүкіл елді тұтқынына алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
09 тамыз 2021
Фото: Тourweek.ru Германияда 17 турист отырған автобус аударылды Германияның Брандебург жеріндегі А13 федералды тас жолында үлкен апат болды. 17 жолаушы мен екі автобус жүргізушісі зардап шекті, - деп хабарлайды
07 тамыз 2021
Фото:dw.com Германияда жертөлесінен танк табылған зейнеткер жазаланды Германияда ҰОС кезеңінен қалған танкті жертөлесінде сақтаған зейнеткердің ісіне қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW
04 тамыз 2021
Фото: twitter.com/KingZebor Германияда зейнеткердің жертөлесінен ҰОС кезеңінен қалған танк табылды Германияда нацистік қаруды жинаған зейнеткердің ісі сотта қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Historynet басылымына сілтеме
28 шілде 2021
©Reuters Германияда су тасқынынан қаза болғандар саны артты - БАҚ Германиядағы жойқын су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 156-ға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме
18 шілде 2021
Фото: Reuters Германияда су тасқынынан 130-дан аса адам мерт болды Германияның батысындағы Рейнланд-Пфальц және Солтүстік Рейн-Вестфалия федералды жерінде су тасқынынан кем дегенде 133 адам қайтыс болды. Бұл
17 шілде 2021
© Reuters Байден мен Меркель "Вашингтон декларациясына" қол қойды Германия канцлері Ангела Меркель мен АҚШ президенті Джо Байден "Вашингтон декларациясына" қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
16 шілде 2021
Фото: elements.envato Германияда 750 адам ұсталды. Полиция арнайы операция өткізді Шифрланған Желіні бұзғаннан кейін неміс полициясы бір уақытта 750-ден аса адамды қамауға алып, бірнеше тонна есірткі заттарын және заңсыз қару-жарақты
07 шілде 2021
Фото: twitter.com/EURO2020 EURO-2020: Англия мен Украина ширек финалға шықты Футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалы аяқталды. Ширек финалға жолдама алған соңғы екі құрама белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
30 маусым 2021
Фото: twitter.com/EURO2020 EURO-2020: Франция - Португалия матчінде үш пенальти соғылды Футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңі аяқталды. Кеше Е және F тобының ойындары өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
24 маусым 2021
Фото: Reuters Германия канцлері коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салдырды Германия канцлері Ангела Меркель коронавирусқа қарсы Moderna вакцинасының екінші дозасын салдырды, жоспар бойынша ол AstraZeneca салдыруы тиіс
23 маусым 2021
Фото: pixabay.com Германия вакцина салдырған туристер үшін шекараны ашады 2021 жылдың 25 маусымынан бастап Германия билігі Еуропалық Одақтан тыс елдердің вакцина салдырған азаматтарына кіруге рұқсат береді , - деп
19 маусым 2021
Фото: elements.envato.com Германиядағы baby-boom: 23 жыл бұрынғы рекорд жаңарды Германияда пандемия кезінде соңғы 20 жылдағы туу көрсеткіші бойынша рекорд тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Infodig сайтына
17 маусым 2021
Фото ©️ Reuters EURO-2020: Роналду дубль жасап, тарихи рекордты жаңартты Футболдан Еуропа чемпионатының F тобындағы ойындар өтті. Криштиану Роналду бастаған Португалия құрамасы Венгрияны ірі есеппен жеңсе, француздар
16 маусым 2021

Қысқаша мәлімет

Орналасуы: Орталық Eуропада орналасқан мемлекет
Астанасы: Берлин
Ірі қалалары: Гамбург, Мюнхен, Кельн, Франкфурт-на-Майне, Штутгарт, Дюссельдорф, Дортмунд
Жер көлемі: 357 385 шаршы шақырым
Телефон коды: +49
Қазақстанмен уақыт айырмашылығы: -4 сағат
Сағаттық белдеуі: GMT+2
Виза: шенген
Тілі: неміс тілі 
Валютасы: еуро
Халқы: 2018 жылы 83 019 200 адам
Діни сенімдері: христиан
Жол қозғалысы: оң жақты қозғалыс
Тоқ көзінің түрі: F, C (Қазақстандікімен бірдей) 50 Гц.

© pixabay.com

Италия географиясы мен климаты

Германия солтүстігі Даниямен (шекараның ұзындығы - 68 шақырым); батысында Польшамен (456 шақырым); оңтүстік-батысында Чех Республикасымен (646 шақырым); оңтүстігінде Австриямен (784 шақырым) және Швейцариямен (334 шақырым); батысында Франциямен (451 шақырым), Бельгиямен (167 шақырым), Люксембургпен (138 шақырым) және Нидерландымен (577 шақырым) шектеседі. Еуропа ортасындағы, ендік және меридиандық халықаралық жолдардың қиылысындағы елдің жағдайы маңызды. Мұнда Солтүстігі Жерорта теңізімен, сондай-ақ Батыс пен Шығысты қосатын ең қысқа транзиттік жолдар өтеді. Германия жалпы алғанда тоғыз мемлекетпен шектеседі және осы көрсеткіш бойынша басқа батысеуропалық елдер арасында рекордтық орынға ие. Солтүстіктен оңтүстікке қарай, Даниямен шекарадан Австриямен шекараға дейін шекаралардың максималды ұзындығы - 850 шақырым, бұл автожол бойынша 9 сағат жолды алады. Батыстан шығысқа, Франциямен шекарадан Чех Республикасымен шекараға дейінгі шекаралардың ең ұзын жері 800 шақырымнан асады. 

Германияның солтүстік бөлігі мұз дәуірінде қалыптасқан ойпатты жазық (Солтүстік-германиялық ойпат, ең төменгі нүктесі - Нойендорф-Саксенбандтағы Вильстермаршеде, теңіз деңгейінен 3,54 м төмен) болып келеді. Германия аумағында көптеген өзендер бар, олардың ішінде ең ірілері: Рейн, Дунай, Эльба, Везер және Одер, өзендер каналдар қосылған, ең танымал арна - Балтық және Солтүстік теңіздерді қосатын Кильский. Киль арнасы Киль шығанағынан басталады және Эльба өзенінің сағасында аяқталады. Германияда ең үлкен көл - Боден, оның аумағы 540 шаршы шақырым, тереңдігі 250 метр.

Климаты. Германияның климаттық жағдайлары халықтың өмір сүруі мен шаруашылық жүргізу үшін қолайлы. Ел қалыпты аймақта орналасқан. Климаты қалыпты, теңіз және теңізден континенталға өтпелі. Таулы аудандарда биік климаттық белдік байқалады. Қыстың қаттылығы теңіз жағалауынан алшақ, бірақ қатты аяз сирек болады. Қаңтар айының орташа температурасы -4-тен -2 градусқа дейін, Альпіде -5 градусқа дейін, Шілдеде +16 жазықтарда...+20 градус, биік тауда +14 градусқа дейін. Еуропаға Сібірден суық ауа массасын әкелетін антициклонның таралуы кезінде төмен температура байқалады. Мысалы, Солтүстік-Германия ойпатында температура -12 градусқа дейін төмендейді. Шілденің орташа температурасы 19 градус, ал шілденің орташа температурасы 18,5 градус.

© pixabay.com

Италия экономикасы

Германия экономикасы дамыған елдердің алдыңғы қатарынан орын алады. Негізгі салалары машина жасау, электр техникасы, металлургия, химия және фармацевтика өнеркәсібі, тағы басқа салалар ел экономикасының өркендеуіне қомақты үлес қосып келеді. Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымы ерекше маңызға ие. Ірі 13 әуежай, 6,8 мың шақырымнан асатын ішкі су жолдары күндіз-түні жұмыс істейді. Бұған Солтүстік теңіздегі Гамбург пен Бремен, Балтық теңізіндегі Киль, Любек және Росток теңіз порттары қосылады.

Германияның сыртқы саудадағы әріптестеріне келсек, ең алдында Франция тұр. Одан соң импорт бойынша Нидерланд, Италия, Ұлыбритания, АҚШ, ал экспорт ойынша Ұлыбритания, Италия, АҚШ және Нидерланд келеді.

Германия БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның жұмыстарына белсенді түрде қатысып жүр. Өз тараптарынан беделді бұл халықаралық ұйымдарға айтарлықтай қаржы және кадр ресурстарын бөліп отырады. Сондай-ақ, Германияның алдына қойған басым бағыттарының бірі - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу. Ал Германияның Орталық Азия елдеріне байланысты ұстанған саясаты айқын, ол - экономикалық салаларда мүмкіндігіне қарай ынтымақтастық жасау.

© pixabay.com

Италия тарихы

Германия жерін адам баласы палеолит дәуірінде-ақ қоныстана бастаған. Б.з.б. 3 - 2 мыңжылдықта жергілікті тұрғындар мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысты, ал б.з.б. 1 мыңжылдықта жергілікті темір қорытуды меңгерді.

Б.з.б. 1 ғасырда Рейннің батыс жағалауы Рим империясының қол астында болып, 962 жылы герман король Оттон І Римді жаулап алып, Рим папасы тағына отырды. Осы кезден бастап герман корольдері өздерін "Қасиетті Рим империясы" тағының мұрагерлері деп жариялады.

1032 - 34 жылы ипмерия құрамына Бургундия корольдігі қосып алынды(қ. Бургандар). Корольдік XI ғасырдың ортасынан бастап саяси бытыраңқылықты бастан кешірді. XVII ғасырға дейін корольдікті билеуші 17 әулет ауысты.

XIII ғасырда корольдік құрамындағы кейбір князьдер, әсіресе, Саксон әулетінен шыққан князьдер (Семсер асынушылар, Тевтон оргерман князьдіктері) орталық билікке тұтас бағына қоймады. Француз императоры Наполеон І Австрия мен Прусияны талқандағаннан кейін (1806) "Қасиетті Рим империясы" жойылып, герман князьдіктерінің бытыраңқылығы әрі қарай жалғасты.

Бұл жағдай Германияның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатты бөгет жасады. Сондықтан герман князьдері, сонң ішінде ең алдымен Австрия және Пруссия билеушілері ұсақ герман мемлекеттерін бір орталыққа біріктеру үшін өзара бәсекелестікке түсе бастады. Франция талқандалғаннан кейіін 1815 жылы - қос палаталы (бундестаг және бундесрат) парламент құрылды. Бундесрат аймақ өкілдерінен құралған. Ақшасы - неміс маркасы. Ұлттық мерекесі - Герман бірлігі күні (3 қазаң, 1990жылы, Германия Демократиялық Республикасының Германия Федеративтік Республикасына Конституциясы 1949 жылы қабылданған.

© pixabay.com

Германия парламенті екі палатадан - Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бундесратты жер үкіметі өкілдерінің 68 мүшесі құрайды. Егер федералдық президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді. Ал Бундестаг төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланған 603 депутаттан тұрады. Атқарушы билік - федералдық үкіметтің құрамына германдық Бундестагта сайланған Федералдық канцлер мен федералдық министрлер кіреді. Федералдық канцлер мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Германияның қазіргі Федералдық канцлері - Ангела Меркель.

Германия Федеративті Республикасында бірқатар саяси партиялар қызмет етеді. Олардың ішінде негізгілері, яғни басқа партияларға қарағанда ықпалы күшті алты партияны бөле-жара атаған жөн. Ретіне қарай атайтын болсақ, 1869 жылы құрылған Германия Социал-демократиялық партиясы; 1945 жылы құрылған Христиан демократиялық одағы. Бұл партияны Федералдық канцлер Ангела Меркель басқарады. Негізгі мақсаты - Батыс елдерімен интеграция жасау және әлеуметтік нарықтық экономика. Бұдан кейінгісі Христиан әлеуметтік одағы; Еркін демократиялық партиясы; Демократиялық социализм партиясы және 1990 жылы құрылған "Жасылдар" одағы.

2002 жылғы қыркүйекте өткен Бундестаг сайлауында тиісті 603 орынның 251-ін Германия Социал-демократиялық партиясы, 248-ін Христиан демократиялық одағы мен Христиан әлеуметтік одағы, 55-ін "Жасылдар", 47-сін Еркін демократиялық партиясы, ал 2 орынды Демократиялық социализм партиясы алды.
Ірі қалалары Бонн (297 мың адам), Гамбург (1,6 миллион), Мюнхен (1,2 миллион), Кельн (1 миллионға жуық), т.б.

Бүгінгі Германия Республикасының елордасы және мемлекеттік құрылымдары орналасқан жері - Берлин қаласы болып табылады. 82 млн халқы бар Германия мемлекеті - әзірше Еуропадағы халқы санынан ең ірі мемлекет. Еуропа Одағының ірге қабырғасын қалаған мемлекет Еуропаның көшбасшы мемлекеті міндетін атқарып отыр.

© pixabay.com

Қазақстандық туристер үшін Германия қаншалықты қолжетімді?

Германия - Батыс Еуропаның ең арзан елдерінің бірі. Ірі қалаларда көптеген қонақүйлер мен жатақханалар бар, олардың барлығы қолжетімді бағамен ұсынылады. Пәтер жалдауға көп шығындалмайсыз.

Мюнхендегі демалыс күндерінің бағасы еліміздің басқа қалаларына қарағанда сәл жоғары және Амстердамдағы бағалармен салыстырылады. Алайда, Бавария астанасындағы тауарлар мен қызметтер Лондон мен Парижге қарағанда айтарлықтай арзан.

Салыстырмалы түрде, Берлинде әуежайдан такси - 22-55 еуро көлемінде болса, 3 жұлдызды қонақүйде тұру– 24-149 еуро, мұражайларға кіру – 12-12.5 еуро, ал түскі асыңызға 4-10 еуро жұмсайсыз. Гамбург қаласында әуежайдан таксиге – 27-34 еуро, 3 жұлдызды қонақүйге жайғассаңыз – 59-230 еуро, мұражайларды тамашалауға – 13-16 еуро, түскі асқа – 4-9 еуро төлейсіз. Мюнхенде әуежайдан таксиге отырсаңыз - 74 – 94 еуро, 3 жұлдызды қонақүйде тұрсаңыз -126 – 234 еуро, түскі асқа - 12.7 – 13 еуро жұмсайсыз.

Берлинде экскурсиялық турлар (3,5 сағат) шамамен 50 еуро, Потсдам (5-6 сағат) - 60 еуро тұрады. Дрезденге шамамен 70 еуроға баруға болады. Бонн мен Дюссельдорфқа экскурсияның құны 35 еуроны құрайды.

Қалай жетуге болады?

Сәуір және мамыр айлары солтүстік жағалауға бару үшін өте қолайлы. Көктемнің аяғынан бастап күздің басына дейін Берлин саяхаттаушы еуропалықтар назарында болады. Қарашадан ақпанға дейін туристік маусымның төмен болуына байланысты Германияға арзан рейстерді табу мүмкіндігі көп. Егер сіз демалуға арналған жағажай демалысы үшін Германияға авиабилеттерді сатып алғыңыз келсе, оңтүстік альпілік аймақтарға назар аударыңыз. Бавария мен Баден-Вюртемберг суларында сіз маусымның ортасынан қыркүйек айының басына дейін шомыла аласыз.

Сіз Германияға елімізден әуе арқылы, поездбен сапарға шыға аласыз. Нұр-Сұлтан қаласынан Нұр-Сұлтан-Берлин, Нұр-Сұлтан-Мюнхен, Нұр-Сұлтан-Франкуфурт бағыттары арқылы билет ала аласыз. Қазақстанның басқа қалалрынан да самолет арқылы жетуге мүмкіндік бар. Пойызды таңдасаңыз, алдымен Мәскеу қаласына дейін барып, одан ары қарай тағы автобус арқылы бірнеше сағат ішінде жетуге болады.

Германиядағы көлік қозғалысы

Ұшақпен тек ірі қалалардың арасында саяхаттау қажет, себебі, мұндай аудандарда жергілікті арзан авиакомпаниялар (AirBerln, German Wings) темір жолмен сапар бағасымен салыстырғанда, өте тиімді тарифтерді ұсынады. Поездбен басқа қашықтықтарды қамтыған дұрыс, өйткені Германия Еуропадағы ең тиімдісі теміржол болып табылады. Жылдамдығы жоғары ICE пойыздары (InterCity Express, жылдамдығы 330 км / сағ) негізгі қалаларды байланыстырады, бірақ олармен саяхаттау арзан емес.

Германияның көптеген қалалары арасында автобус қызметі бар. Автобустар ыңғайлы және әдемі жолдардың арқасында жолаушыларды тез арада межелі жерге жеткізіп отырады.

© pixabay.com

Италияда қайда баруға болады?

Германия әлемдегі ең қауіпсіз туристік бағыттардың бірі ретінде бағаланады. Германия - Еуропадағы ең көп келетін үшінші ел, 2010 жылы қонақүйлерде түнеу саны 380,3 млн. Адамды құрады, бұл елдің бірігуінен бергі ең жоғары көрсеткіш.

Немістердің 30 пайыздан астамы демалыстарын өз елінде өткізеді. 133 миллионнан астам шетелдік туристерді қабылдаған Германия (2008 жылы) әлемдегі ең көп келушілердің арасында жетінші орын алды. Германияда жыл сайын саяхат пен туризмге 27,2 миллиард еуро жұмсалады, бұл Германияның ІЖӨ-нің 3,2 пайызына тең. Шамамен 242 миллион адам немесе Германиядағы барлық келушілер курорттық қалаларға түнегенді жөн көреді. Германия денсаулық туризмі дамуының ерекшелігімен танымал, көптеген курорттарда ыстық бұлақтарда емделуді ұсынады немесе минералды сулармен және емдеудің басқа түрлері тағы бар.

Шипажайлар мен теңіз жағалауындағы курорттар көбінесе өз атауларына сай минералды және балшықты шипалар (Mineral-und-Moorbäder), сау климатты курорттар (Heilklimatische Kurorte), гидротерапия курорттарымен (Kneippkurorte), теңіз курорттарымен (Seebäder), климаттық курорттармен (Luftkurorte), демалыс курорттары (Erholungsorte) деп аталады. Ең ірі және әйгілі курорттарда, ең алдымен, Bad Wiessee, Баден-Баден (Kurhaus), Висбаден (Kurhaus), Ахен, Травемюнде және Вестерланд(Kurhaus) бар.

Германиядағы ең көп туристік аймақтар - Шығыс Фриз және Солтүстік Фриз аралдары, Балтық теңізінде Гольштейн мен Мекленбург-Вероммерн жағалауы, Рейн алқабы, Бавария орманы, Қара орман және Бавариялық Альпі.

Германиядағы негізгі қысқы спорт аймақтары: Солтүстік Әктас Альпі, Руда таулары, Харц, Фихтель таулары және Бавария орманы. Бірінші дәрежелі қысқы спорт инфрақұрылымына тау шаңғысы, сноуборд, бобслинг және шаңғы тебу кіреді.

Көптеген өңірлерде қысқы спорт түрлерін қараша мен ақпан айлары аралығында өткізуге болады. Рождество алдындағы маусымда (қараша айының соңынан 24 желтоқсанға дейін) көптеген Германия қалаларында Рождество базарлары өтеді.

Германия әлемдегі бірнеше ірі сауда көрмелерін өткізеді және көптеген халықаралық сауда-саттықттың көшбасшылары болып саналады. Германияда жыл сайын мыңдаған ұлттық және халықаралық көрмелер, конгрестер өтеді.

© pixabay.com

Неміс туризм ассоциациясы (Deutscher Tourismusverband) анда-санда Германияның ең көп келетін көрікті жерлерінің статистикасын жариялайды. Соборға жылына орташа есеппен 5800 мыңнан астам келушілер келеді, Кельн соборы Германиядағы ең көп көрнекті орын болып саналады. Екінші және үшінші орындарды Берлиндегі Рейхстаг пен Мюнхендегі Хофбраухауз иеленді. Германия астанасындағы ЮНЕСКО мұралары тізіміне енген бес үлкен мұражай орналасқан басты туристік орталық Музей аралы деп аталады. Ескі мұражай, жаңа мұражай, ескі ұлттық галерея мұражайлары бар. Сонымен қатар, Боде атындағы және Пергамон мұражайларын атауға болады.

Германияның солтүстігінде туристер үшін ең қызықтысы - Төменгі Саксония мен Гамбург қаласы. Бұл аймақта ауыл шаруашылығы әлі де өркендеп келеді, көптеген егістіктер, фермалар мен әсем ландшафттар, соның ішінде таулы жерлер де бар. Гамбург ортағасырлық дәуірдегі ірі теңіз порты болған, содан бері көптеген қамалдар мен бекіністер сақталған. Бүгінде бұл Германиядағы екінші ірі қаласы және мәдени орталығы , тек осы қалада 40-тан астам театр бар.

Оңтүстікте туристер арасында ең танымал жер - Бавария, ол "сыра жері" деп те аталады. Мюнхенде атақты Октоберфест фестивалі, сонымен қатар, Нойшванштайн сарайы мен альпі баурайлары жыл сайын мыңдаған саяхатшыларды қызықтырады. Мюнхенде сырадан басқа, ол неміс футболының астанасы, сәулет және мәдени орталық, сонымен қатар өте көңілді қала.

Баден-Вюртембергтің оңтүстік-батысындағы тағы бір жер - бұл елдің білім орталығы, оның аумағында жыл сайын әлемнің әр түкпірінен мыңдаған студенттерді тартатын 10 университет бар. Бұл сонымен қатар өте көрікті жер, әйгілі Констанс көлі орналасқан. Баден-Вюртембергте жетекші автомобиль компанияларының негізгі кеңселері (Porsche, Mercedes-Benz және т.б.) орналасқан. Оның орталығы Штутгарт қаласы Германияның жоғары технологиялар астанасы болып саналады.

© pixabay.com

Германия асханасы

Неміс тағамдарының негізі - бұл картоп пен тұздық құйылған ет және балғын немесе пісірілген көкөністер. Түрлері өте көп: картоп қосылған шошқа етінен қуырдақтан бастап, шницельге дейін. Тағы бір танымал тағам - "вурсттың" ондаған сорттары, яғни шұжықтар: сиыр еті мен шошқа етінен, грильде немесе қайнатылған, алып және ұсақ шұжықтар. Оларға кетчуп немесе қыша беріледі, хотдог сияқты немесе картоппен беріледі. Сондай-ақ, күрішпен, қаймақ тұздығындағы шошқа етін де қолданады.

Сусындардың ішінде сыра елдегі көшбасшы болып табылады. Танымал сорттар: Августинбербау, Хакер-Пшор, Хофбрау, Левенбрау, Поланер және Спатен. Сыраға картоп немесе Нюрнберг гриль шұжықтары қосылған шошқа еті ұсынылады. Рейн және Майн аңғарларының шараптары өте танымал, орташа және өте хош иісті болып келеді. Алкогольсіз сусындардың жанкүйерлері сидрдің алуан түріне риза болады ("апфельвайн"), бірақ қыста сіз ыстық глинтвейн ішіп жылынсаңыз болады.

Германияда, шын мәнінде, бүкіл Еуропада бутербродтар кең таралған - құны әр түрлі, әр түрлі қоспалары бар үлкен сэндвичтер, сонымен қатар олар жақсы түскі ас болады.

Неміс асханасы және шетелдік асханалардағы бағалар шамамен бірдей (екіншісінде сәл арзан). Бірақ неміс асханасының тағамдары дәмдірек, әрі көлемді болып келеді.

Германиядағы қауіпсіздік

Германия заңды түрде Еуропадағы қауіпсіз елдердің бірі болып саналады. Дегенмен, қарапайым ережелерді сақтау қажет. Қараңғыда эмигранттардың кварталдарында жүрмеңіз, алайда бұл жарықта да жүрудің қажеті жоқ (бұл әсіресе Франкфуртқа қатысты). Өзіңізбен бірге көп мөлшерде ақша алып жүрмеңіз және қымбат затыңызды көрсетпеңіз.

Германиядағы қоғамдық көліктерге билетсіз міну өте қымбат. Билетсіз отыру құны - 60 еуро. Ресми емес ақпаратқа сәйкес, билетсіз саяхаттау туристерді елге кіргізуге тыйым салынған шетелдіктердің қара тізіміне айналдыруға негіз болуы мүмкін. Дәл сол себепті ұялы телефонмен сөйлесуге тырыспаңыз, бұл елде жол ережелері қатаң қолданылады.

Қандай кәдесыйлар әкелуге болады?

Германияның әр аймағы өзінің ерекше және сан алуан дәстүрлерімен әйгілі. Бұл кәдесыйларға да қатысты. Мысалы, Берлин қабырғасынан магнит, ағаш ойыншық және Haribo кәмпиттерін әкелу керек.
Саксониядан жақсы сувенирлер - Дрезден ірімшігі, Мейсен фарфоры және Цвингерден жасалған ас құралдары. Мюнхеннің керемет сыйы - марципаннан жасалған кәмпиттер, прецзель және сыра тостағандары. Егер сіз Франкфуртқа баруды жоспарласаңыз, онда алма шарабын, Франкфурт шұжықтарын және Франкфурт фарфорын сатып алуды ұмытпаңыз.

Германияда шұжықтардың 60-тан аса түрі ойлап табылған, олардың әрқайсысының өзіндік хош иісі мен ерекше пісіру технологиясы бар. Шұжықтардың мөлшері мен дәмі жасалған аймаққа байланысты өзгеріп отырады. Олардың ішінде ең танымалдары: братвурст, франкфурттық шұжықтар, карривурст, тюрингтік шұжықтар т.б.

Германия екінші Голландия немесе Швейцария болмаса да, мұнда өндірілген ірімшік өте сапалы және дәмді. Ірімшік өндіретін үлкен зауыттар аз болғандықтан, өнімнің көп бөлігі фермаларда өндіріледі, сондықтан әр өндірушінің өзіндік ерекшелігі бар. Ең танымал сорттар: тильзитер, баварлық көгілдір сыр, дорблю, комбоцола т.б.

Еуропадағы ең әйгілі Рождестволық кәмпиттердің бірі - Элизаның Нюрнберг тәтті тоқаштары. Бұл зімбір қосылған тоқаштар кез-келген адамды емдей алады деген аңыз бар (және Рождество түнінде мүмкіндік бірнеше есе артады деген сенім бар).

Неміс шоколады Швейцария шоколадымен қатар әлемдегі ең дәмді деп саналады. Шоколадтың келесі маркаларын шығаратын көптеген зауыттар мен фабрикалар бар: Ritter Sport, Hussel, Halloren Schokoladenfabrik AG, HACHEZ, Schogetten.

Егер дәстүрлі сувенирлер туралы айтатын болсақ, онда Германиядан мыналар жақсы сыйлық болады: Берлиннің символы, әртүрлі түстер мен өлшемдерде келетін Berliner Bär ойыншық қонжықтары, Рождестволық базардан сатып алуға болатын Щелкунчиктің кәдесый ойыншықтары, сыра ішуге арналған стақандар, "Meissen" фарфорынан жасалған үстел жиынтығы, футбол атрибутикасы және магнетиктер т.б.

Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети