Оңтүстік Кореяның автомобиль алпауыты. 1967 жылы Чхун Чжу Ён негізін қалаған. 2000 жылы құрылған Hyundai Motor Group конгломераты құрамына кіреді. "Hyundai" атауы корей тілінен аударғанда "заманауи болу" деген мағынаны білдіреді. Бастапқыда шағын көліктер шығарудан бастаған компания қарқынды дамып, әлемдегі ең ірі автокөлік өндірушілерінің біріне айналды. Автомобильдерден бөлек, пойыз, әскери техника, өнеркәсіптік жабдықтар өндіреді және қаржылық қызметтер көрсетеді.