25 наурыз 2022 13:25

Қазақстандық теннисші супертурнирде үздік нәтиже көрсетті

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Михаил Кукушкин. Фото ©REUTERS Михаил Кукушкин. Фото ©REUTERS

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АҚШ-тың Майами қаласында өткен ATP Masters 1000 турнирінің екінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АҚШ-тың Майами қаласында өткен ATP Masters 1000 турнирінің екінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол жеке разряд бойынша бірінші айналымдағы матчта Нидерландыдан келген әлемнің 42-ракеткасы Ботик Ван де Зандшульпты жеңді. Есеп 6:4, 6:4 болды. Кездесу 1 сағат 51 минутқа созылды.

Осылайша, 26 наурызда өтетін екінші айналымда қазақстандық әлемнің 13-ракеткасы америкалық Тэйлор Фрицпен ойнайды. Ол кейінгі аптада испандық Рафаэль Надальді жеңген еді.

Бұған дейін 13 жастағы қазақстандық Словакиядағы турнирде финалға шыққаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети