21 сәуір 2020 09:32

Үлкен мақсатқа бір қадам

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда әуесқойлар мен кәсіпқойлар арасында спорт кең дамып келе жатқан тұста теннис спорты да көштен қалмады. Бүкіл әлемде миллиондаған көрермені бар теннис ақсүйек спортқа жатады. Ойынды сырттан көріп отырып, кортқа шыққыңыз келіп, қолыңызға еріксіз ракетка ұстайсыз. Кез келген адам бұл спорт түрімен айналыса алады. Еліміздегі теннис спортында нендей жаңашылықтар бар?


Қазақстанда әуесқойлар мен кәсіпқойлар арасында спорт кең дамып келе жатқан тұста теннис спорты да көштен қалмады. Бүкіл әлемде миллиондаған көрермені бар теннис ақсүйек спортқа жатады. Ойынды сырттан көріп отырып, кортқа шыққыңыз келіп, қолыңызға еріксіз ракетка ұстайсыз. Кез келген адам бұл спорт түрімен айналыса алады. Еліміздегі теннис спортында нендей жаңашылықтар бар?

Осыдан екі ай бұрын еліміздің аумағында Қазақстан құрама командасы елордадағы ұлттық теннис орталығында Нидерланд құрамасын жеңіп, Дэвис Кубогінің финалдық кезеңіне жолдама алды. Осыған дейін қазақстандық теннисшілер доданың ширек финалына бес мәрте шыққан болатын. Ендігі спортылардың мақсаты үздік төрттіктің қатарына ену. Мадридте былтыр өткен Дэвис Кубогінің финалдық кезеңінде Қазақстан мен Нидерланд құрамалары бір топта өнер көрсетті. Өте тартысты өткен бұл ойында отандастарымыз жеңіске жетіп, алайда кейіннен Ұлыбритания құрамасына жеңіліп, додадан шығып кеткен болатын.

Жаңа маусымда Қазақстан теннис федерациясы жоғарғы мақсат қойып отырғаны анық. Яғни, 2020 жылғы Дэвис кубогында Әлемнің үздік төрт құрамасының қатарына енуді ойлайды. Ал негізі түпкі мақсат біреу – Дэвис Кубогін жеңу екені бәрімізге мәлім. Алайда, бұл биік межеге жету үшін адымдап қадам жасауы қажет. Осыдан 11 жыл бұрын елімізде болашақ теннис жұлдыздарын даярлау мақсатында Team Kazakhstan жобасы іске қосылды. Сол бағдарламаның аясында жаттығу жасаған Денис Евсеев пен Дмитрий Попко қазіргі таңда ұлттық құрама сапына алынып отыр. Осы кезде Қазақстан теннис федерациясы еліміздің әр өңірінен жарқырап шыққан 50-ге жуық жасөспірім теннисшіге қамқорлық көрсетіп келе жатқандығы да анық. Олардың шет елдегі жарыстарына баруына, қарапайым керек-жарақтарына, корттарды жалға алуға, бапкер жалдауға, мұғалімдер шақыртуға, тіпті ағылшын тілін үйренуге дейін барлық жағдайды жасайды.

Жалпы, теннис федерациясы 1991 жылдан бастап қызмет етіп келе жатса да, тек 2007 жылы ғана белсенді жұмысқа көшті. Себебі, сол жылы федерация басшылығына Болат Өтемұратов келген болатын. 2007 жылдан 2019 жыл аралығында еліміздегі корттардың саны 62-ден 297-ге дейін өсті. 11 жылдың ішінде корттардың саны 5 есеге көбейді. 2020 жылы теннис федерациясы Алматы, Түркістан, Қарағанды, Лисаковск және Қостанай облысындағы Рудный қалаларында жаңа корттарды ашуды жоспарлап қойды. Олардың барлығы жабық және ашық корттармен қатар салынады. Қазіргі таңда еліміз бойынша  оң мыңға жуық балалар тенниспен айналысады екен. Ірі облыс орталықтарының барлығында кәсіпқой бапкерлер болашақ Шарапова мен Джоковичтерді тәрбиелеп жатыр. Себебі, нағыз таланттар сондай шалғай жерлерде жүр емес пе? Ол үшін теннис федерациясы инфроқұрылымды жөндеп, мықты бапкерлер шақырып, балалардың жарыстарға тұрақты түрде қатысып тұруын келтіріп, сондай-ақ, тіпті халықаралық жарыстарға да шығып тұруына мүмкіндері бар екен.

Жылына Қазақстан аумағында 40-қа жуық халықаралық дода өтеді екен. Олардың қатарына ITF, ITF futures, ITF Juniors, ATF және ATP Challenger жарыстары кіреді. Ал ең ірі жарыс ол Қазақстан Президенті кубогі жарысы. Бұл бәсеке АТР Challenger санатына енген болса, қыздар арасындағы турнир ITF сериясына жатады.

Елімізде теннис федерациясының ең үлкен ұйымдастырған шаралырдың бірі 2019 жылдың 24 қазанында өтті. Нұр-Сұлтан қаласының "Барыс Арена" спорткешенінде әлемнің бірінші және екінші ракеткасы бір - бірімен кездесіп, үлкен теннис шоуын жамады. Джокович пен Надальдің теке тіресі әрқашан да қызық екені айтпаса да түсінікті. Мұндай іс-шаралар спортпен айналысуға, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырады. Бұл ойынның негізгі мақсаты – Қазақстанда теннисті кеңінен тарату және халқымызды әлемдік теннис жұлдыздарымен таныстыру еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети