Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Зарина Дияс Қазақстанның атынан Олимпиадаға қатысуды армандайды

12 Қараша 2014, 10:47
0
Зарина Дияс. ©Vesti.kz
Зарина Дияс. ©Vesti.kz

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс "Үлкен дулыға" турнирін ұтып, Олимпиадаға қатысуды армандайды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Мен Қазақстанның атынан шығып жүрмін. Олимпиадада Қазақстанның намысын қорғағым келеді, мен үшін бұл үлкен құрмет болатын еді", - дейді спортшы. - Олимпиада екі жылдан кейін өтеді, оған қатысу үшін рейтингте белгілі бір орын алуым қажет, үмітім ақталады деп ойлаймын".

Зарина Диястың айтуынша, оның бос уақыты аз, себебі ол бар уақытын тенниске арнайды. "Теннис бар уақытымды алады, бірақ бұл менің арманым - "Үлкен дулыға" турнирін ұту және әлем рейтингінің ТОП-10 қатарына кіру. Нәтижеге қол жеткізу үшін біреуін тастау керек, көп нәрсені қию керек. Бар уақытты жаттығуларға, дайындыққа, турнирлерге арнау керек. Бұл өте қиын. Бірақ сіздің мақсатыңыз болса, сіз оған қарай жүруіңіз керек", - деді Зарина. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Айта кетейік, биыл Зарина Дияс үшін спорт карьерасындағы сәтті жыл болды. 10 қарашада ол WTA рейтингінде тұңғыш рет 33-орынға көтерілді. 21 жастағы спортшының қоржынынжа 1371 ұпай бар. Мансабындағы жетістіктері үшін қазақстандық Халықаралық теннис ассоциациясының (WTA) "жылдың жаңалығы" аталымына ұсынылды. Спортшыға мына сілтемеге кіріп дауыс беруге болады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай