29 тамыз 2014 22:28

Путин: Назарбаев ешқашан өз халқының еркіне қарсы келмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Путин. ©РИА Новости Владимир Путин. ©РИА Новости

Владимир Путин "Селигер-2014" X бүкілресейлік жастар форумында студенттің Қазақстанның келешегі туралы сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Russia Today.


Владимир Путин "Селигер-2014" X бүкілресейлік жастар форумында студенттің Қазақстанның келешегі туралы сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Russia Today.

Ресей халықтар достығы университетінің студенті Анна Сазонова Ресей президентінен: "Бүгінде Украинадағы ұлтшылдық туралы әңгімелер тыйылмай тұр. Сонымен бірге, Қазақстандағы, әсіресе, елдің оңтүстігіндегі ұлтшылдық көңіл күйдің артуымен байланысты ахуал да алаңдатып отыр. Сіздің пікіріңізше, бұл құбылысты ұстап тұрушы фактор – қазіргі президент, Назарбаев мырза. Сұрақ: егер Назарбаев президент қызметінен кететін болса, бұл елде украин сценарийі дамитын бола ма? Бұл бағытта жұмыс істеу жөнінде стратегия бар ма? Бізде ұсыныс бар, соған қосылғымыз келеді және еуразиялық ықпалдастықтың келешегі қандай?" – деп сұрады.

"Қазақстан – ол бізге мейлінше жақын стратегиялық одақтас әрі әріптес. Біріншіден, Құдайға шүкір, Президент Назарбаевтың көзі тірі әрі аман-есен және ешқайда кеткелі отырған жоқ. Ол дана басшы ретінде әрқашан өз елінің келешегін ойлайды. Интернеттегі жекелеген пікірлерге, Қазақстан азаматтарымен арадағы пікірталастарға келсек, ол жерде түрлі көзқарастың болуы заңды. Адамдар әртүрлі. Әрине, бұл ел Ресейден халқының саны жөнінен 10 есе кіші, бірақ ол сонда да үлкен ел. Мен Қазақстан халқының басым көпшілігі Ресеймен қарым-қатынастың дамуын қолдайды деп сенемін. Біз соны көріп отырмыз және білеміз, - деп жауап берді Путин.

"Назарбаев – өте сауатты басшы. Посткеңестік кеңістіктегі ең сауатты басшы болуы мүмкін. Ол ешқашан өз халқының еркіне қарсы келмес еді, ол халықтың нені күтетінін жақсы сезінеді. Соңғы кездері істелген дүниенің бәрі - айтарлықтай деңгейде оның ұйымдастырушылық талантының арқасы, оның саяси тәжірибесінің жемісі, оның бәрі Қазақстанның мемлекет ретіндегі мүдделерінде көрініс табады", - деді Ресей президенті.

"Қазір біздің Кеден одағын, Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Еуразиялық одақ құру жөніндегі істеріміз... айтпақшы, Еуразиялық одақ – соның идеясы, оны мен ойлап тапқан жоқпын. Ол ойлап тапты. Біз бәріміз осы жұмысқа кірістік, енді оны логикалық шегіне дейін жеткіземіз. Философтар Ресейде еуразиялық идея қалай және кім арқылы дамығанын біледі. Қазақтар оны іліп әкетті. Бұл оларға экономиканы дамыту, өнеркәсіп пен озық технологиялар тұрғысынан әлемдік өркениеттің бір бөлігі – үлкен орыс әлемі кеңістіктерінде қалу үшін тиімді. Мен орташа мерзімді және ұзақ мерзімді тарихи келешекте осылай боларына сенемін",- деді Владимир Путин.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети