26 шілде 2014 19:23

Шолпан Атада Қырғызстанның Кеден одағына ену мәселелері туралы құжатқа қол қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

tengrinews © иллюстрациясы tengrinews © иллюстрациясы

Шолпан Атада Қырғызстанның Кеден одағына ену мәселелері туралы құжатқа қол қойылды деп хабарлайды Қазақстан премьер-министрі баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Бүгін Шолпан Атада Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан премьер-министрі Жоомарт Оторбаевпен кездесті.

Тараптар Қырғызстанның Кеден одағына ену мәселелері мен халықаралық ұйым аясындағы өзара іс-әрекетін талқылады. Әңгіме барысында Бақытжан Сағынтаев пен Жоомарт Оторбаев іскерлік әріптестікті кеңейтудің кең перспективаларын және екіжақты қарым-қатынастың әрі де тереңдете түсу қажеттігін баса атап өтті.

"Екіжақты әріптестік мәселелері бойынша қырғыз-қазақ келіссөзі хаттамасына қол қою және Қырғыз Республикасының Кеден одағына және Еуразиялық экономикалық кеңістікке енуі кездесудің маңызды нәтижесі боп табылды" делінеді алдын ала таратылған хабарламада.

Сондай-ақ тараптар екі мемлекеттің сауда-саттық-экономикалық саладағы, энергетикалық және су шаруашылығы секторларындағы, агроөнеркәсіп кешеніндегі, қаржылық-инвестициялық саласындағы байланыстарының жағдайы мен болашағын қарастырды.

Еске сала кетелік, алдында Қырғызстанның нарықтар, кәсіпорындар, сауда және қызмет көрсету саласы қауымдастығының директоры Қырғызстанның Кеден Одағына енуі республиканы экономикалық дағдарыстан аман сақтап қалады деп мәлімдеген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети