02 наурыз 2014 17:44

Украина радикалдары Доку Умаровтан көмек сұраған жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тopwar.ru ©Тopwar.ru

Украинаның "Правый сектор" радикал қозғалысы шешен содырларының жетекшісі Доку Умаровқа ешқандай өтініш жасаған жоқ деп жазады "Аргументы и факты" РСН"-ге сілтеме жасап. Ұйым өкілі Артем Скоропадскийдің сөзіне қарағанда, Умаровқа арналған үндеу "Правый сектордың" "ВКонтакте" желісіндегі парағы мен ондағы әкімшінің аккаунты бұзылғаннан кейін пайда болған. Үндеу қозғалыс жетекшісі Дмитрий Яроштың атынан жарияланыпты. Бұл аралықта біраз саяси қайраткер ол жөнінде пікір білдіріп үлгерген болатын. "Доку Умаров біздің көмегімізбен ешкім оралмаған жаққа аттанып кеткен болатын. Енді ол жаққа Ярошқа да билет жазып береміз", - деді Шешен Республикасының басшысы Рамзан Қадыров. Өз кезегінде Ингушетия Республикасының басшысы Юнус-Бек Евкуров мұндай мәлімдеме "Правый секторды" халықаралық террорлық ұйымдармен бір деңгейге қоятынын мәлімдеді. Дегенмен кейін әлеуметтік желіде "Правый сектордың" парағы құлыпталды да, әлгі үндеу өшірілді. Еске сала кетейік, 1 наурыз күні РФ Федерация кеңесі Владимир Путиннің Украина аумағында қарулы күштерді қолдану туралы ұсынысын құптағаннан кейін украин ұлтшылдар қозғалысының жетекшісі Дмитрий Ярош өз бөлімшелерінің барлығын шұғыл қарулануға шақырған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети