26 тамыз 2021 | 23:58

Жамбыл облысындағы жарылыстар: зардап шеккендердің жағдайы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада болған жарылыстардан зардап шеккендердің көпшілігі жеңіл жараланған. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада болған жарылыстардан зардап шеккендердің көпшілігі жеңіл жараланған. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сағат 23.30-дағы жағдай бойынша Тараз қалалық №1 ауруханасына 51 адам, Байзақ аудандық орталық ауруханасына 10 адам жеткізілді. Олардың көпшілігі жеңіл жарақат алған, екі адам ауыр жараланған.

Қазіргі уақытта зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 32 дәрігер мен 56 медицина қызметкері жұмылдырылды", - деді әкімдік өкілі.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.

Реклама
Реклама

Тараз тұрғындарының айтуынша, қалада жарылыстар әлі де жалғасып жатыр. Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болды.

Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккендер саны 60-қа жеткен. Бұған дейін 32 адам зардап шеккені хабарланған болатын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірді. Ол жарылыс кезінде кімдер жарақат алғанын, сондай-ақ қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Жарылыстардан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қауіпсіздік үшін жолдарға шектеу қойылғанын хабарлаған болатын. 

Жамбыл облысындағы жарылыстар: жедел желі нөмірлері жарияланды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная