05 қыркүйек 2022 10:09

Қостанай облысындағы өртенген ауыл әуеден видеоға түсірілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аманқарағай ауылындағы өрт. Куәгерлерден алынған Аманқарағай ауылындағы өрт. Куәгерлерден алынған

Қостанай облысындағы өртенген Аманқарағай ауылы әуеден видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша Газета" басылымына сілтеме жасап.


Қостанай облысындағы өртенген Аманқарағай ауылы әуеден видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша Газета" басылымына сілтеме жасап.

3 қыркүйекте облыстың Төтенше жағдайлар департаменті орман өрті Аманқарағай ауылына дейін жеткенін хабарлады. Оқиға куәгерлері әлеуметтік желілерде жантүршігерлік кадрларды бөлісе бастады.

Кадрлардан үйлердің қабырғалары мен іргетасы ғана қалғанын көруге болады. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өрт мұнай базасының әкімшілік ғимараты мен жақын маңдағы 30 үйге жайылған. Кейінірек оқиға куәгерлері ауылдағы өрт жүзге жуық үйді шарпығанын мәлімдеді.

Еске салайық, 2 қыркүйекте Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртенді. Өңірдегі өрт үшінші күн қатарынан сөндіріліп жатыр. Аманқарағай, Новонежинка, Калинино, Лесное, Озерное елді мекендеріне қауіп төнді.

Тоқаев Қостанай облысындағы өрт бойынша тапсырма берді

Қостанай облысындағы өрт: Tengrinews.kz журналистері зардап шеккендерге көмек жібереді

4 қыркүйекте таңертең Аманқарағай ауылында үйінділерді тазалау кезінде 86 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды. Бас прокуратура Қостанай мен облыстағы өртте адамдардың қаза табуы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қостанай облысында төтенше жағдай жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети