10 қазан 2022 10:25

ШҚО-да өрттің негізгі бөлігі оқшауланды - ТЖД

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында өрттің негізгі бөлігі оқшауланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстан облысында өрттің негізгі бөлігі оқшауланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Бір тәулікте ТЖД бөлімшелері 57-ден аса өрт ошағына шықты.​ Сөндіруге 120-дан аса техника мен 700-ге жуық адам жұмылдырылған. Олардың ішінде ТЖД, әкімдік, орман мекемелері, ұлттық ұлан және Қорғаныс министрлігі қызметкерлері, сондай-ақ Ми-8 тікұшағы бар.

"Зайсан, Глубокое, Ұлан аудандарында, оның ішінде Алтай мен Өскеменде келісілген іс-қимылдар нәтижесінде өрт оқшауланды. Бұл ретте Ұлан ауданында, Герасимовка ауылында және Каменка ауылдық округінің Борсақ учаскесінде, сондай-ақ Серебрянск пен Өскемендегі Алтай ауданында (Согра ауданы) өрт жойылды.

Күршім ауданы Үшбұлақ ауылынан 14 шақырым жердегі Пугачев орман шаруашылығы мен Маралды ауылдық округі аумағында тұтану орындарын сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өрт аумағы анықталып жатыр", - деді ведомство баспасөз қызметі өкілдері.

Өңірдегі өрттердің алдын ала ауданы екі мың гектардан асқан. ​​ШҚО ТЖД мамандарының айтуынша, тұрғын және саяжай үйлерінің аумағындағы шөптер мен өрттердің негізгі пайызы аймақтағы ыстық және құрғақ ауа-райынан, сондай-ақ өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін бұзудан туындаған.

"Өртті сөндіру жағдайын екпіні секундына 20 метрге дейін жететін қатты жел қиындатты. Құтқарушылар облыс аудандарында дауыл және өрт қаупі туралы халықты алдын ала хабардар етті", - деп толықтырды департамент өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shygys Qazaqstan oblysynyn TJD (@shygysqaz_tjd)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети