04 қаңтар 2021 14:18

ШҚО-да тасжолда аязда қалып қойған 15 жүргізуші құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ШҚО ТЖД Фото: ШҚО ТЖД

ШҚО-да көлігінде жанармайы қатып қалған 15 жүргізуші құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ШҚО-да көлігінде жанармайы қатып қалған 15 жүргізуші құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жүргізушілер Павлодар облысына қарай бағыт алған. Shacman маркалы жеті көліктің дизель отыны суықтан қатып қалған, 15 адам аязда қозғала алмаған.

"Олар Курчатов қаласының құтқарушыларына сағат 02.10 минутта хабарласқан. Құтқарушылар келіп, 15 азаматты жылыну пунктіне жеткізді. Жергілікті атқарушы органдар тамақ әкелді", - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

ШҚО-да бірнеше күннен бері минус 42-45 градусқа дейін аяз болып тұр.

ТЖД мамандары аймақ тұрғындарынан алыс жолға шықпауды сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети