"Бәйтерек" монументі уақытша жабылды 18 қыркүйек 2019, 14:46

18-19 қыркүйекте "Бәйтерек" монументі жабық болады, - деп хабарлайды Елорда Инфо мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.
"Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! 18-19 қыркүйек күндерi "Бәйтерек" монументі техникалық қызмет көрсету жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жабық болады. Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.