25 маусым 2018 12:46

Өркениеттен бас тартқан блогер жылына 4 мың доллар үнемдеді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Freelee деген лақап атымен белгілі 37 жастағы аустралиялық блогер опа-далаптан бас тартып, бір жылда 4000 доллар үнемдеген. Бұл туралы ұлыбританиялық Daily Mail басылымы хабарлады.


Freelee деген лақап атымен белгілі 37 жастағы аустралиялық блогер опа-далаптан бас тартып, бір жылда 4000 доллар үнемдеген. Бұл туралы ұлыбританиялық Daily Mail басылымы хабарлады.

"Батыс өркениетінің" барлық жаңашылдығынан бас тартқан танымал видеоблогер жылдық қорытындысын бөлісті. Аустралиялық келіншек алғашқы адамдардың тіршілігімен өмір сүру үшін қалалық қарбалас өмірден бас тартқан. Оның айтуынша, табиғатта өмір сүргенде сән косметикасы мен шаш жуатын сусабынды қолдануды және қырынуды доғарған. Осы уақыт ішінде ол 4 мың доллар үнемдеген (шамамен 1,3 миллион теңге - Авт.).

Бастапқыда Freelee YouTube хостингі арқылы вегетизм идеяларын таратқан. Онда ол аустралиялық Квинслендте түсірілген лайфстайл видео мен рецептер жариялады. Соңғы бір жыл аралығында оның видеохостинг пен Instagram-дағы парақшасы Оңтүстік Америка орман аймағындағы сүйікті адамымен бірге өткізген өмірі туралы әңгімелерге толы.

Жұп жеуге жарамды өсімдіктерді өзі өсіріп, тұтынған екен және олар түгел дерлік киімнен бас тартқан. Freelee  #gofreeyourself ("Жүр, өзіңді босат") хештегімен жиі жазбалар жариялап тұрады. Instagram-да бөліскен әйелдің соңғы жетістігі - кокос қабығынан жасалған шомылу киімі.

"Сізге менің кокосым ұнай ма? Мен өзімнің кокостан жасаған заттарыма қарауды жақсы көремін және бұл  өзгелерге ақша төлеуге емес, өз ісімді жасауға мүмкіндік береді. "О, мен мұны ешқашан үйрене алмаймын, бұл менің қолымнан келмейді" деп ойлауға болады, мұнда сіз қателесесіз. Мен қолөнер бұйымдарында тәжірибесіз өстім, маған оны тұтынушы қоғамы үйретті: бір нәрсе сатып алудың орнына, оны өзің істейсің. Әрине, сатып алған тезірек және оңай болуы мүмкін, бірақ жеке қанағаттану қайда? ", - деді Freelee.

Блогердің оқырмандары жұптың табиғаттағы өмірін аса қызығып қарайды. Олар әйелді ханшайым деп атап, өздері де еркіндікте өмір сүруді армандайтынын айтады.

 

I hear it a lot "You are so lucky to be living the life of your dreams! I wish I could do that..." The truth is you really can. It's not about luck; it's about the daily choices we make. At one point in my life, I really struggled, and was living below the poverty line. I was in debt and unsure of my future. A generous friend bought me a car for $700, where I sometimes slept. I would live in a tent on another friends property to save money. I began housesitting because I couldn't pay the rent. I used the library's free internet because I didn't have my own. I chose not to have kids which cost around 250k to raise. I gave up alcohol 12 years ago. I worked hard to create an income online. I now save thousands by not buying makeup, shavers, beauty treatments, jewellery, heels, and unnecessary fashion. My vegan diet is far cheaper than my old sad diet, it also keeps me healthy and away from expensive pharmaceuticals. We all make decisions in life based on our priorities, and as a result, create our reality

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети