Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. АҚШ

АҚШ төрт күндік жұмыс аптасын енгізуі мүмкін 13 желтоқсан 2021, 16:54

АҚШ Өкілдер палатасының мүшесі калифорниялық Марк Такано төрт күндік жұмыс аптасын енгізу туралы заң жобасын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Сурет ©REUTERS Сурет ©REUTERS

АҚШ Өкілдер палатасының мүшесі калифорниялық Марк Такано төрт күндік жұмыс аптасын енгізу туралы заң жобасын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Head Topics сайтына сілтеме жасап.

Саясаткер АҚШ Конгресінде 100-ден аса адамнан тұратын "Прогрессив топ" оның жұмыс аптасын 40-тан 32 сағатқа дейін қысқарту туралы бастамасын ресми түрде қолдағанын айтты.

Сонымен қатар, фракция төрағасы Прамила Джайпал Такано заң жобасы билікті жалақысы ондаған жылдар бойы тоқырауға ұшыраған америкалық жұмысшылардың қолына қайтаруы мүмкін екенін айтты.

"Ұзақ уақыт бойы бүкіл елде жұмысшылар көп сағат жұмыс істеуге мәжбүр болды, ал олардың жалақысы өзгерген жоқ. Халық пен қауымдастықтарды корпорациялардан және олардың кірістерінен жоғары қоятын уақыт келді, бұл - жұмысшылардың денсаулығы, әл-ауқаты және негізгі адами қадір-қасиеті. 32 сағаттық жұмыс аптасы бұл тепе-теңдікті реттеуге көмектеседі", - деді Джаяпал.

Бұған дейін Парсы шығанағының оңтүстігінде орналасқан Шарджа мемлекеттік қызметшілер төрт күн жұмыс істейтінін мәлімдеген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram