28 қаңтар 2014 14:37

Алматыда өтетін VI опера балын Сати Казанова жүргізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда өтетін VI опера балын Сати Казанова жүргізеді.©РИА Новости Алматыда өтетін VI опера балын Сати Казанова жүргізеді.©РИА Новости

Жыл сайын өтетін қайырымдылық балы 2014 жылы Опералық балл деген атпен өтеді деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл балдағы ең басты тосын сый, оңтүстіккореялық опера әншісі Сумо Чоның сахнада ән орындауы. Бұдан бөлек, опералық балл аясында опера өнерінің 30 жасқа дейінгі өкілдері марапатталады. Жеңімпаз 1 миллион теңгеге ие болмақ. "Біз алдымызға күрделі мақсат қойдық, 2020 жылға қарай біздің бұл жобамызды Еуразияда ең танымал шараға айналдыруды көздеп отырмыз. Ол уақытқа дейін бұл шара жаңа атауға ие болуы мүмкін. Біз жыл сайын ұйымдастырылатын шарамыз тек адамдар әдемі киініп келетін, тек көңіл көтеретін мерекелік салтанат емес, тарихта қалатын жоба жасағымыз келеді, әлемде із қалдырғымыз келеді. Біз "Оскар", "Канн фестивалі" секілді әлемге әйгілі жоба ретінде ел есінде қалуды мақсат етіп отырмыз. Бүкіл әлемді мойындататын келесі Пласидо Доминго өзінің өнердегі алғашқы қадамын осы опералық балдан бастадым деп әңгімелейтін болады болашақта", – дейді Eventica Group компаниясының негізін қалаушысы әрі директоры Марат Омаров. Үстіміздегі жылдың 17 мамырында өтетін шараны Ресейдің белгілі әншісі Сати Казанова жүргізбек. Балды өткізу форматы бұрынғысынша қалмақ. Балдың салтанатты кешін дебютанттар ашады. Оларға арналған кастинг қазір Астанада басталып та кетті, 1 ақпанда Алматыда басталады. Балдың жұлдызды дебютанттары "Қазақстант аруы – 2013" байқауының жеңімпазы Айдай Исаева, "Он и она" фильмінен белгілі актриса Динара Бақтыбаева, "Азиада аруы" Күміс Базарбаева. Марат Омаровтың айтуынша осы балл өткізіліп келе жатқан 5 жылдың ішінде кастингке 12 мыңнан астам адам қатысқан екен. Дебютанттарға арналған талап бұрынғыдай, жігіттердің жасы 18 бен 20 жас аралығы, бойлары 175 см, қыздар үшін 18 бен 23 жас аралығы, бойлары 165 см-ден жоғары, қыздар некеде болмау керек. 2015 жылы балл дебютанттарына деген талап өзгермек. Олардың әрқайсысы оқуда үздік болуы және қайырымдылыққа қатысуы шарт. Ректордан қажетті анықтамалар мен мінездемелер алған студенттер кастингке қатыса алады. Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы V қайырымдылық балынан түскен қаржы жасөспірімдер арасындағы суицидпен күреске жұмсалады деп шешілген. Сонымен 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап жасөспірімдер арасындағы өлімді азайту мақсатында "Дос" деп аталатын онлайн қолдау орталығы ашылған болатын. Бүгінде орталық тәулік бойы жұмыс істейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети