24 қазан 2014 12:07

Эбола безгегіне қарсы вакцина 10 жыл бұрын жасалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Эбола безгегіне қарсы вакцинаны Канада мен АҚШ ғалымдары он жыл бұрын жасаған. Бірақ ол кезде фармацевтикалық компаниялар оған қызығушылық білдірмей, клиникалық сынақтарға кірісу мүмкін болмады, - деп хабарлайды  РИА Новости. Бұған дейін Эбола безгегінің тікелей қарым-қатынас (жарақаттанған тері немесе шырышты қабық арқылы) және биологиялық сұйықтық (қан, сілекей, зәр, құсық, шәует) арқылы тарайтыны хабарланған еді. Сонымен қатар, жұқпалы ауруы бар медициналық құралдар, күнделікті тұрмыс құралдары, науқастың іріңінен, яғни тікелей емес байланыс арқылы жұғуы мүмкін.    

2005 жылы Nature журналында ғалымдардың Эбола безгегіне қарсы вакцинаның сәтті нәтиже көрсеткенін дәлелдегені жазылған. Ол кезде вакцина приматтарға қолданылды. Вакцина егілген жануарларда безгекке қарсы күшті иммунитет пайда болған. Сол уақытта ғалымдар өз өнімінің адамдарға қолдануда өте маңызды екенін айтып, екі жыл көлемінде адамдарға қолданып көруді ойлаған, 2010-2010 жылдары вакцинаға лицензия алуды жоспарлапты. 

Бірақ Эбола вирусы сирек кездесетін ауру саналғандықтан көптеген фармацевтикалық компаниялар төлем қабілеттілігі төмен елдерде қолданылатын өнімге көп қаржы жаратуға қарсы болды. Вандербилд университетінің вакцинаны жасау жөніндегі орталығының басшысы Джеймс Кроуи "вакцинаның ғылыми әзірленуі миллиондаған доллар тұратын болса, онда оны адамдарға сынап көру және өндіру жүздеген миллион доллар тұруы мүмкін, ал инвестицияның жалпы мөлшері өнімнің нарыққа шығуы кезінде 1-1,5 миллиард долларға жетуі мүмкін" екенін мәлімдеген еді. 

Осылайша, қазіргі уақытта Эбола вирусына қарсы вакцина жоқ. Бірақ оны жасаумен бірнеше ел, оның ішінде, Ресей де айналысып жатыр. Эбола безгегі осы жылдың ақпан айында Батыс Африка аумағында жануарлардан: жарқанаттар және маймылдардан тарай бастады. АҚШ пен Либерия елдерінің азаматы Патрик Сойер ауру жұқтырғаннан кейін індет өрши түсті. Бірнеше күннен соң науқас қайтыс болды. 10 қазандағы мәлімет бойынша, Эбола безгегі барлығы төрт мыңнан астам адамның өмірін қиды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети