Өлім жазасына кесілгендердің камерасында 30 жыл отырған америкалық жазықсыз болып шықты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Yaplakal.com ©Yaplakal.com

Америкалық Алабама штатында сот Энтони Рэй Хинтонды екі кісі өлтірген деп айыпты деп танып, 30 жылға жаза кескен. Бірақ кейін сотталған азаматтың кісі өлтірмегені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Америкалық Алабама штатында сот Энтони Рэй Хинтонды екі кісі өлтірген деп айыпты деп танып, 30 жылға жаза кескен. Бірақ кейін сотталған азаматтың кісі өлтірмегені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хинтон Алабамадағы мейрамханалардың бірін тонау кезінде екі адамды өлтірді деп айыпталып, түрмеге 1985 жылы түскен болатын. Оның адвокаттары сотталған азаматтың бұл қылмысқа қатысы бар екендігіне тергеудің жеткілікті түрде дәлел келтірмегенін айтумен болған. Қорытындысында судья Лаура Петро Хинтонға қатысты барлық айыптауларды кері қайтарды, сотталған азамат жұма күні бостандыққа шығады.   

Бирмингем қаласындағы мейрамханаға қарақшылық жасалған кезде екі қызметкер өлтірілген. Тәртіп сақшылары куәгерлерді және қылмыс орнында саусақ іздерін таппай, дәлелдер базасын Хинтонның анасынан тәркіленген тапаншасына байланысты құрды. Полицейлер қылмыстың дәл осы тапаншамен жасалғанын айтты.

Жаңадан жасалған сот-медициналық сараптаманың қорытындысы тәркіленген тапаншамен кісі өлтірілмегенін көрсетті. Хинтонның адвокаты Брайан Стивенсонның айтуынша, оның клиенті бұл іске афроамерикалық болғандықтан ғана тартылған. 

Equal Justice Initiative құқық қорғау ұйымының мәліметінше, Хинтон өлім жазасына кесілгендердің камерасында ең ұзақ уақыт бойы отырған адам.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 494.26  course up  536.57  course up  5.51  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer