10 қыркүйек 2022 16:37

ІІІ Чарльз ресми түрде Ұлыбританияның патшасы болып жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

news.sky.com news.sky.com

ІІІ Чарльзді Ұлыбритания королі деп жариялау рәсімі 10 қыркүйекте Лондонда өтіп жатыр. Чарльз III ресми түрде патшалықтың жаңа монархы болып жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sky News-ке сілтеме жасап.


ІІІ Чарльзді Ұлыбритания королі деп жариялау рәсімі 10 қыркүйекте Лондонда өтіп жатыр. Чарльз III ресми түрде патшалықтың жаңа монархы болып жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sky News-ке сілтеме жасап.

Рәсімде ІІІ Чарльз халыққа патша ретінде қызмет етуге , анасының "шабыттандыратын үлгісін" ұстануға ант берді.

Саксон дәуірінен басталған рәсім тарихта алғаш рет теледидардан тікелей эфир арқылы көпшілікке көрсетілді. Құпия кеңесшілер, оның ішінде ханзада Уильям мен консорт-патшайым Камила, бұрынғы премьер-министрлер Дэвид Кэмерон, Гордон Браун және Тони Блэр ханзада Чарльзді жаңа патша ІІІ Чарльз деп жариялау үшін кездесті.

Тарихшылар ханзада Чарльздің неге орыс тілінде Король Карл деп аталатынын түсіндірді.

Сонымен қатар, бұл тарихта әйелдерге қатысуға рұқсат етілген алғашқы рәсім болды.

"Мен Сіздің және бүкіл ұлттың қаншалықты қайғыға батқанын білемін, менің ойымша, бүкіл әлем маған осы орны толмас қайғыға жанашырлық танытады", - деді патша мәлімдемесінде.

Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета 8 қыркүйекте, 96 жасында қайтыс болды. 2022 жылы II Елизавета таққа отырғанына 70 жыл толды. Бұл - барлық британ монархының таққа отыруының ең ұзақ мерзімі. ІІ Елизавета 1952 жылы 6 ақпанда жиырма бес жасында, әкесі - VI Георгий патша қайтыс болғаннан кейін патшайым болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети