04 қыркүйек 2020 09:29

2021 жылы АҚШ ДДҰ-дан шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

2021 жылы АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығады. Бұл туралы елдің мемлекеттік департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.


2021 жылы АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығады. Бұл туралы елдің мемлекеттік департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"АҚШ президенті бұл ұйымнан шығатынын мәлімдеген кезде, ол сенім арта алатындай, лайық серіктестерді іздейтінімізді нақты жеткізді. 2021 жылдың 6 шілдесінен бастап шығамыз. Президенттің мәлімдемесінен кейін АҚШ билігі бұған дейін ДДҰ айналысқан қызметті өз мойнына алатын серіктестерді іздейді", - делінген мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Морган Ортагустың мәлімдемесінде.  

Еске салайық, бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Трамп әкімшілігінің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қаржыландыруды тоқтату туралы шешімі ешқашан өзгермей, қаржыландыру жалғаспауы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. 

Оның алдында АҚШ президенті Дональд Трамп ДДҰ-ны қаржыландыру тоқтатылғанын жариялаған. Трамп әкімшілігі ұйымды COVID-19 коронавирусының тарауына шұғыл әрекет етпеді деп айыптаған еді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети