30 шілде 2020 11:03

"2,5 миллион адам коронавирус жұқтырған". Бразилия туристер үшін шекарасын ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Бразилия билігі елдегі коронавирус жұқтырғандар саны көп болғанына қарамастан, халықаралық рейстерді ашты, - деп хабарлайды Reuters агенттігі.


Бразилия билігі елдегі коронавирус жұқтырғандар саны көп болғанына қарамастан, халықаралық рейстерді ашты, - деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Төрт министр, оның ішінде денсаулық сақтау министрі Эдуардо Пазуэлло қол қойған қаулыға сәйкес, шетелдіктер Бразилияға ұшақ арқылы келе алады. Бірақ әзірге ел ішіне су және жер көлігі арқылы кіруге рұқсат жоқ. Бұл тыйым тағы бір айға ұзартылды.

Сондай-ақ үкімет қаулысында "Бразилияға келетін туристердің медициналық сақтандыруы болу керек" деп жазылған.

Reuters мәліметінше, Бразилия аймақтың коронавирус жұқтырғандар саны аз басқа елдеріне қарағанда әуе шекарасын тез ашып жатыр. Колумбия, Аргентина, Панама және Перу халықаралық коммерциялық рейстер үшін әлі жабық.

АҚШ және Еуропалық одақ халықаралық сапарлар үшін ашық, бірақ Бразилиядан келетін туристерді кіргізбейді.

Бразилия дүние жүзі бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша АҚШ-тан кейін екінші орында тұр. Соңғы тәулікте Бразилияда 70 074 жаңа жағдай және 1 595 өлім тіркелді. Жалпы ел бойынша 2,5 миллион адам коронавирус жұқтырған және 90 134 адам қайтыс болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети