WhatsApp-та таралған хабарламадан кейін Үндістандағы қайыршылар жаппай соққыға жығылған

26 Маусым 2018, 10:31
0
WhatsApp-та таралған хабарламадан кейін Үндістандағы қайыршылар жаппай соққыға жығылған - © Gadgets Now
© Gadgets Now

Үндістанда адам мүшелерін сатқан деген желеумен бірнеше адам соққыға жығылған. Қылмыс туралы тұрғындар WhatsApp желісінде таралған хабарламадан білген, - деп жазады Reuters.

Мадхья-Прадеш штатының бірнеше ауданының тұрғындарына өлкеде қайыршы кейпіндегі 500 адам кісі өлтіріп, мүшелерін сатады деген хабар таралған. Авторлар бұл хабарламаны таратуды сұраған. 

Полицейлердің айтуынша, ақпарат жалған болып шыққан. Хабарлама таратқан үш адам тұтқындалыпты. 

Мамыр айында Үндістанда бір топ адам 26 жастағы мигрантты ұрып өлтірген еді. Жергілікті тұрғындар оны WhatsApp желісінде таралған жалған хабарламаның кесірінен бала ұрлады деп айыптаған.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай