01 шілде 2016 14:07

Әблязовтің сыбайласының cоты Ресейде өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Артем Бондаренко ( оң жағында) мен Алексей Белов © РИА Новости Артем Бондаренко ( оң жағында) мен Алексей Белов © РИА Новости

Мәскеу облыстық Домодедов сотына Мұхтар Әблязовтің сыбайласы, "Евразия Логистик" ЖШҚ бұрынғы қаржы директоры Артем Бондаренкоға қатысты қылмыстық іс түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресейдің Бас прокуратурасының сайтына сілтеме жасап.

Бондаренкоға БТА Банктің 13,8 миллиард рубль (70 миллиард теңгеден аса) көлеміндегі мүлкін жымқыру бойынша айып тағылып отыр. "Ресей Федерациясының Бас прокурорының орынбасары Виктор Гринь "Евразия Логистик" ЖШҚ бұрынғы қаржы директоры Артем Бондаренкоға қатысты айыптау қорытындысын бекітті. Артем Бондаренко РФ Қылмыстық кодексінің 159-бабының 4-бөлігі бойынша ("Алаяқтық") қылмыс жасады деп айыпталып отыр", - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Тергеу мәліметінше, 2007 жылы Бондаренко ұйымдасқан топтың құрамында болып, несие комитетінің мүшелері мен "БТА Банк" АҚ қызметкерлерін алдап, банктің мүлкін жымқырып жүрген. Айта кетейік, осы қылмысқа қатысы бар басқа да сыбайластарға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети