18 қаңтар 2020 17:28

Африка елдері кабель үзілуінен Интернетсіз қалды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Су асты кабельдерінің үзілуінен Африкадағы төрт ел Интернетсіз қалды. Бұл туралы Telegram мессенджеріндегі "ЗаТелеком" арнасы жазды.


Су асты кабельдерінің үзілуінен Африкадағы төрт ел Интернетсіз қалды. Бұл туралы Telegram мессенджеріндегі "ЗаТелеком" арнасы жазды.

Axxess провайдерінің мәліметтері бойынша, SAT-3/WASC кабелі Габонға жақын жерде үзілген. Ол арқылы Оңтүстік Африка елдері Португалия және Испаниямен байланысып отырған. Ал континентті Ұлыбританиямен байланыстыратын басқа WACS кабелі Конго жағалауының жанында үзілген.

Openserve провайдерінің ақпараты бойынша, бір мезгілде кабельдердің үзілуі салдарынан көптеген ел қолдаланушылары жаһандық желіге шыға алмай отыр. Халықаралық қоңыраулар мен мобильді роумингтерде де қиындықтар туып тұр.

Интернет Конго Республикасында, Конго Демократиялық Республикасында, Намибия мен Анголада өшті. Елдердің жалпы халқы 120 миллион адамнан асады. Мемлекеттер ғаламтордан мүлде айырылып қалды деп те айта алмаймыз, себебі, олар спутник немесе жер үсті кабельдерімен қосыла алады.

Айта кету керек, Африка елдері су асты кабельдерінің үзілуінен бірінші рет қиындықтарға тап болып отырған жоқ. 2018 жылдың сәуірінде Мавритания осыған ұқсас оқиғадан кейін екі күн бойы Интернет қолдана алмаған.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети