08 ақпан 2021 09:52

Африкада Эбола ауруының жаңа жағдайы тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Конго Демократиялық Республикасының Солтүстік Киву провинциясында Эбола ауруының жаңа жағдайы тіркелді, - деп хабарлайды Reuters.


Конго Демократиялық Республикасының Солтүстік Киву провинциясында Эбола ауруының жаңа жағдайы тіркелді, - деп хабарлайды Reuters.

Инфекция 1 ақпанда Солтүстік Киву провинциясындағы Бутембо округінің Бьена ауданында анықталды. Эбола белгілері бар фермердің әйелі ауруханаға барған. Талдама вирусты растады. Алайда әйел 3 ақпанда қайтыс болды.

Ақпарат бойынша, ауданға мамандар бригадасы жіберілген, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) тиісті қызметтері де хабардар етілді. Бьен аймағында инфекцияның басқа жағдайлары туралы мәлімет жоқ.

Бұған дейін ауру ошағы Орталық Африкада болған. Ал бұл жағдай екі ай тыныштықтан кейін тіркеліп отыр. 

Эбола вирусының алғашқы жағдайы Конго Республикасында 1976 жылы тіркелген. Індет өршіген кез - 2014-2016 жылдары, Батыс Африкада.

Эбола геморрагиялық қызбасы - Эбола вирусынан туындаған жіті вирусты жоғары контагиозды ауру. Эпидемия Орталық және Батыс Африкада өршіген, өлім жағдайы 25-тен 90 пайызға дейін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети