05 тамыз 2016 13:17

АҚШ Гүленді Түркияға неліктен бермей отырғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фетхуллах Гюлен © REUTERS Фетхуллах Гюлен © REUTERS

Уағызшы Фетхуллах Гүлен Түркияға жіберілмеуі мүмкін. Себебі Түркия билігі АҚШ-қа Гүленнің мемлекеттік төңкеріс жасауды ұйымдастырғаны жайлы жеткілікті дәлелдерді келтірмеді, - деп хабарлайды РИА Новости The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.


Уағызшы Фетхуллах Гүлен Түркияға жіберілмеуі мүмкін. Себебі Түркия билігі АҚШ-қа Гүленнің мемлекеттік төңкеріс жасауды ұйымдастырғаны жайлы жеткілікті дәлелдерді келтірмеді, - деп хабарлайды РИА Новости The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.

Дереккөздердің мәліметінше, Түркия мен АҚШ-тың ресми өкілдері Гүленді экстрадициялау туралы сөз қозғаған. Алайда Анкараның билік өкілдері әлі уақытқа дейін америкалық шенеуніктерге Гүленнің төңкеріс жасамақшы болған әрекетін дәлелдей алмай отыр. Сонымен қатар, Гүленді экстрадициялау туралы шешімнің әлі қабылданбағаны айтылады. Бұл іске байланысты келіссөздер бірнеше айға созылуы мүмкін.

Осыған дейін Түркия билігі АҚШ-тан Гүленді экстрадициялауды талап еткен болатын. Ал Гүленнің өзі бүлікті сөгіп, өзінің бұл іске қатысы жоқ екенін мәлімдеген еді.

Еске салайық, Түркия билігі Гүленнің АҚШ-тан қашып кеткенін мәлімдеген еді. Бұл туралы Түркияның әділет министрі Бекир Боздаг мәлімдеген еді. Оның айтуынша, төңкеріс әрекетін жасады деп айыпталып отырған саясаткер АҚШ-тан басқа елдерге, Мысырға, Канадаға, Австралияға, ОАР-ға немесе Мексикаға кетіп қалған болуы мүмкін. "Барлау қызметінен оның (Гүленнің) басқа елдерге қашып кеткені жайлы мәлімет түсіп жатыр", - деп мәлімдеді ол. Сонымен қатар, Боздаг Гүлен "төңкерісті 40 жыл бойы дайындады" деп мәлімдеді. Ол Ирандағы ислам төңкерісінің лидері Хомейнидің Парижден келгені сияқты, Түркияға төңкерістен кейін келмекші болған делінеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети