28 шілде 2016 16:24

Түркия билігі Гүленнің АҚШ-тан қашып кеткенін мәлімдеді - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фетхуллах Гүлен. © REUTERS Фетхуллах Гүлен. © REUTERS

Уағызшы Фетхуллах Гүлен АҚШ-тан қашып кеткен болуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости түріктің Haberturk телеарнасына сілтеме жасап. Бұл туралы Түркияның әділет министрі Бекир Боздаг мәлімдеді.


Уағызшы Фетхуллах Гүлен АҚШ-тан қашып кеткен болуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости түріктің Haberturk телеарнасына сілтеме жасап. Бұл туралы Түркияның әділет министрі Бекир Боздаг мәлімдеді.

Оның айтуынша, төңкеріс әрекетін жасады деп айыпталып отырған саясаткер АҚШ-тан басқа елдерге, Мысырға, Канадаға, Австралияға, ОАР-ға немесе Мексикаға кетіп қалған болуы мүмкін. "Барлау қызметінен оның (Гүленнің) басқа елдерге қашып кеткені жайлы мәлімет түсіп жатыр", - деп мәлімдеді ол. Сонымен қатар, Боздаг Гүлен "төңкерісті 40 жыл бойы дайындады" деп мәлімдеді. Ол Ирандағы ислам төңкерісінің лидері Хомейнидің Парижден келгені сияқты, Түркияға төңкерістен кейін келмекші болған делінеді.  

Осыған дейін Түркия билігі АҚШ-тан Гүленді экстрадициялауды талап еткен болатын. Ал Гүленнің өзі бүлікті сөгіп, өзінің бұл іске қатысы жоқ екенін мәлімдеген еді. 

Еске салайық, 15 шілдеде Түркияда әскерилер мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді. Атыстар туралы бірінші хабар Астана уақыты бойынша 01.00-де жеткен. Халықаралық агенттіктердің мәліметінше, Анкарада атыстар естілген, қала үстінде жойғыш ұшақтар мен тікұшақтар ұшып жүр, ал Ыстамбұлдағы әуежайға танктер жеткізілген. Елде мемлекеттік телеарнарал хабар таратуын тоқтатты. Анкарада Facebook және Twitter әлеуметтік желілері құлыпталды.

Кейіннен Ердоған FaceTime арқылы халыққа үндеу жасап, адамдар көшеге шыққан еді. Түрік Президенті әскери төңкерілісті ұйымдастырғандарды қатаң жазалауға уәде берген болатын. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети