13 қаңтар 2020 09:51

АҚШ Иракты қандай жағдайда дағдарысқа түсіретінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Бағдат елден америкалық әскерилерді шығарса, Иракты Нью-Йорктегі Федерал резерв банкінің мемлекеттік шотын қолдану құқығынан айыратынын ескертті. АҚШ өкілдерінің ойынша, Бағдат мұнай сатып, табыс табу мүмкіндігінен айырылып, елде қаржы дағдарысы болады, - деп хабарлайды Газета.ru.


АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Бағдат елден америкалық әскерилерді шығарса, Иракты Нью-Йорктегі Федерал резерв банкінің мемлекеттік шотын қолдану құқығынан айыратынын ескертті. АҚШ өкілдерінің ойынша, Бағдат мұнай сатып, табыс табу мүмкіндігінен айырылып, елде қаржы дағдарысы болады, - деп хабарлайды Газета.ru.

АҚШ президенті Дональд Трамп осыған дейін де америкалық әскерилер елден шығарылса, Бағдаттан Ирак аумағында әскери базалар құрғаны үшін өтемақы талап ететінін мәлімдеген болатын.

Себебі, президенттің айтуынша, АҚШ Ирактың инфрақұрылымына миллиардтаған ақша құйған, сондықтан да енді Бағдат әскерилерді шығарған кезде өтемақы төлеуге міндеттеледі. Сондай-ақ, Трамп қазіргі уақытта АҚШ-қа мемлекеттік бюджеттің басым бөлігі тиесілі екенін айтып өтті. Президент айтып отырған банкте қазір 35 миллиард доллар бар екен.

Мұның алдында Вашингтон белгілі бір талаптар орындалмаса, Ирактың мұнай саудасынан түскен қаражаты сақталған АҚШ-тағы үкіметтік банк шоттарын қолдануға мүмкіндік бермейтінін ескерткен еді. 

Еске салайық, бұған дейін Ирак парламенті Бағдад халықаралық әуежайының маңында болған шабуылдан кейін шетелдік әскерді елден шығару туралы шешім қабылдаған. Сол күні ирандық генерал Касем Сулеймани қаза тапқан болатын. Соққы Ирак билігімен келісілмеген.

Ал Ирак Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Абдель Керим Халф америкалық әскерді шығару механизмін дайындау басталғанын мәлімдеді. Осыған байланысты АҚШ президенті Дональд Трамп Ирак ауыр зардап шегетінін айтқан болатын.

Иран мен АҚШ қақтығысын әлем басылымдары қалай жазып жатыр?

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети