АҚШ Иранмен соғысты тоқтатуға келісті - Трамп

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ Иранмен соғысты тоқтатуға келісті - Трамп Ақ үй

АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі кешіне жоспарланған Иранға жасалатын соққылардың күшін жойғанын мәлімдеп, Тегеранмен келісімге қол қойылуы мүмкін екенін тағы да хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.


АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі кешіне жоспарланған Иранға жасалатын соққылардың күшін жойғанын мәлімдеп, Тегеранмен келісімге қол қойылуы мүмкін екенін тағы да хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

"Иран Ислам Республикасымен келіссөздер Иранның жоғарғы басшылығына жеткізіліп, мақұлданғанын негізге ала отырып, осы кешке жоспарланған Иранға соққы беру мен бомбалауды тоқтаттым", - деп жазды Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде.

Трамп "түпкілікті тармақтарды" барлық мүдделі тарап мақұлдағанын айтты: ол Израильді және делдал елдер тобын атап өтті, бірақ Иранды атаған жоқ.

Ақ үй басшысы сәуір айының ортасында басталған ирандық порттардың теңіз блокадасы "мәміле аяқталғанға дейін" сақталатынын нақтылады.

Америкалық лидердің жаңа мәлімдемесі ол Иранға өте қуатты соққы жасалатынын айтып, елдің негізгі мұнай инфрақұрылымын бақылауға алуға уәде бергеннен кейін бірнеше сағат өткен соң жарияланды.

Бейсенбіде Вашингтонда журналистерге берген сұхбатында Трамп АҚШ-тың Иранмен соғысты аяқтау туралы келіскенін, тек келісімге қол қою ғана қалғанын мәлімдеді.

"Біз жанжалды реттеуде тамаша нәтижеге қол жеткіздік. Жақында қол қоямыз. Құжаттар дайындықтың соңғы кезеңінде тұр", - деді ол.

Трамптың айтуынша, құжаттарға қол қойылғаннан кейін Тегеран Ормуз бұғазын ашады. Америкалық лидердің мәлімдеуінше, келісімнің өзі "өте жақын арада", мүмкін демалыс күндері Еуропада жасалады.

Трамп Иранның жоғарғы көсемі аятолла Моджтаба Хаменеи АҚШ-пен жасалатын болашақ уағдаластықтың шарттарын мақұлдауы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Оның пайымдауынша, Иран өзара түсіністік туралы меморандумда ешқандай жағдайда ядролық қару жасамайтынына және сатып алмайтынына міндеттеме береді.

Сонымен бірге Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесі Трамппен жақында болған телефон арқылы сөйлесу барысында Иранның түпкілікті келісім аясында уран байытудан бас тартатыны, бұл үшін қажетті инфрақұрылымды бөлшектейтіні, зымыран өндірісін қысқартып, Таяу Шығыстағы ираншыл топтарды қолдауды тоқтататыны баса айтылғанын хабарлады.

Бір күн бұрын Ақ үй басшысы Иранды келісімді созып жатыр деп айыптаған болатын, ал түнде Штаттар елдің оңтүстігіне шабуыл жасады. Президент егер қарсыласы мәмілеге келмесе, оны толық күйрететінін айтып сес көрсетті.

Тегеран бұған жауап ретінде Ормуз бұғазы арқылы өтетін жолды толық жауып, зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданатын шабуыл операциясының бірінші кезеңін жариялады. Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) Таяу Шығыстағы нысандарға, соның ішінде Кувейт пен Бахрейндегі авиабазаларға соққы берілгенін хабарлады. БАҚ мәліметтері бойынша, әскерилер Ирак пен Иорданиядағы базаларға және АҚШ Әскери-теңіз күштерінің Бесінші флотының күштеріне де шабуыл жасаған.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.89   562.88   6.78 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +26
Астана +22
Ақтау +27
Ақтөбе +23
Атырау +31
Б
Балқаш +26
Ж
Жезқазған +25
Қ
Қарағанды +23
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +30
П
Павлодар +25
Петропавл +32
С
Семей +29
Т
Талдықорған +30
Тараз +32
Түркістан +24
О
Орал +29
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер