02 сәуір 2021 09:43

АҚШ қарым-қатынастың нашарлағанына Ресейді кінәлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ мемлекеттік департамент өкілі Нед Прайс Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровтың екіжақты байланыс туралы айтқан сөзіне жауап берді. Ол екі елдің қарым-қатынасы нашарлауына Ресей кінәлі екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


АҚШ мемлекеттік департамент өкілі Нед Прайс Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровтың екіжақты байланыс туралы айтқан сөзіне жауап берді. Ол екі елдің қарым-қатынасы нашарлауына Ресей кінәлі екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прайс АҚШ-тың Ресей тарапына шағымдарын тізіп шықты. Оның ішінде "2016 және 2020 жылдардағы демократияға шабуыл", америкалық сарбаздардың басы үшін талибандарға марапат ұсыну хабарламасы, кибершабуылдар мен SolarWinds-ті бұзу, Алексей Навальныйды ұстау мен Украина жағдайы бар. Прайстың айтуынша, мұның бәрі екіжақты қатынастың нашарлауына себеп болған. Мәскеу барлық айыптауды жоққа шығарады.

"Ресеймен тұрақты қарым-қатынас болғанын қалайтынымыз рас. Келіспеушіліктер бар, ал қарым-қатынас қандай екенін білеміз. Соған қарамастан мүдделер сәйкес болуын жоққа шығармаймыз", - деді Прайс.

Бұған дейін СІМ Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антоновты кеңес алуға Мәскеуге шақырған болатын. Оның Вашингтонға оралу мерзімі әлі шешілген жоқ, деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков РИА Новостиге.

Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Антоновтың Вашингтонға оралу мерзімі туралы мәселені президент Владимир Путин шешетінін айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети