1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

АҚШ Құпия қызметі 11 қыркүйектегі лаңкестік әрекет кезіндегі суреттерді жариялады 11 қыркүйек 2021, 12:46

АҚШ Құпия қызметі 2001 жылғы 11 қыркүйекте Дүниежүзілік сауда орталығына жасалған террорлық шабуыл кезінде түсірілген, бұрын соңды жарияланбаған
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

АҚШ Құпия қызметі 2001 жылғы 11 қыркүйекте Дүниежүзілік сауда орталығына жасалған террорлық шабуыл кезінде түсірілген, бұрын соңды жарияланбаған суреттерді көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қызметтің Twitter-дегі ресми парақшасына сілтеме жасап. 

Кадрларды қайғылы оқиға орнында жұмыс істеген қызметкерлер түсірген. 

"Ешқашан ұмытпаймыз", - делінген сурет сипаттамасында.

Құпия қызмет сайтында видео да жарияланды.

"2001 жылғы 11 қыркүйектегі қайғылы оқиғаның 20 жылдығына орай АҚШ-тың құпия қызметі қаза тапқандарды еске алады және қызметкерлеріміздің оқиғасын мақтанышпен бөліседі", - делінген видео сипаттамасында.

Осыдан 20 жыл бұрын, 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та адамзат тарихындағы ең ірі террористік шабуылдардың бірі болды. Үш мыңға жуық адам қаза тапты. Екі ұшақ Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының мұнараларын тас-талқан етті, үшіншісі Пентагон ғимаратына құлады, ал тағы біреуі Пенсильваниядағы Шанксвилл маңына түсті. Лаңкестік әрекетті "Әл-Каида" экстремистік тобы жоспарлаған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram