06 сәуір 2022 09:07

АҚШ Мемлекеттік департаменті Әлиев пен Пашинянды аймақтағы шиеленісті азайтуға шақырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен және Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесіп, аймақтағы шиеленісті азайтуға шақырды. Бұл туралы Мемлекеттік департамент сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік хатшы екі ел басшыларын сабырға шақырып, дипломатияны қайта бастауды ұсынып, қазір соғысатын уақыт емес екенін ескертті.

Сондай-ақ, Блинкен Армения мен Әзербайжан арасындағы бейбіт келіссөздерге, соның ішінде Әлиев пен Пашинянның 6 сәуірге жоспарланған Еуропалық Кеңес төрағасы Мишельмен кездесуіне қолдау білдірді.

26 наурызда Ресей қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақтағы Әзербайжан қарулы күштері Ресей бітімгершілік миссиясының жауапкершілік аймағына кіріп, мойындалмаған республика армиясының бөлімшелеріне шабуыл жасағанын хабарлаған болатын.

Баку "шабуыл ресейлік бітімгершілік контингенті уақытша орналасқан Әзербайжан аумағында болды" деп жауап берді. Сондай-ақ, олар Ресейден "Таулы Қарабақ" тіркесін қолданбауды және Әзербайжан территорияларының атауын дұрыс айтуды сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети